Бұл ауыл аудан орталығынан 200 шақырым қашықта орналасқан. Қазір аталған ауылда 711 адам тұрады.
«Үштаған ауылында 180-ге жетпейтін оқушы бар. Олар шағын комплектілі мектепте 11 сыныпқа дейін оқиды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері оқушылар офлайн форматта білім алуда», дейді Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева.