Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Атырау облысында 73 адам коронавирусқа шалдықты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қызыл аймақтағы» екі облыстың бірі – Атырауда өткен тәулікте тағы 73 адам коронавирус инфекциясына шалдықты. 

Атырау облысында 73 адам коронавирусқа шалдықты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, соңғы екі тәулікте 127 адам қауіпті індеттің қармағына ілінді. Мәселен, 9 қаңтарда  54, ал кеше, 10 қаңтарда 73 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

«Соңғы бір тәулікте қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласында тіркелді. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 50 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 3, Қызылқоғада – 1, Құрманғазы ауданында 1 адамнан коронавирус анықталды. Covid-19 вирусы 16 науқаста симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 53 адам  емделіп шықты» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір үй жағдайында 243 науқас емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 108, аудандардағы стационарларда 32, Теңіз кенішіндегі стационардағы науқастар саны  812 адамды құрап отыр.