Спорт • 11 Қаңтар, 2021

Дмитрий Шомко «Роторға» ауысты

692 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта Қазақстанның тағы бір футболшысы Ресей Премьер-лигасында өнер көрсетеді. Анықтап айтсақ, Дмитрий Шомко Волгоградтың «Роторына» ауысты.

Дмитрий Шомко «Роторға» ауысты

Дмитрий 1990 жылдың 19 наурызында Екібастұз қаласында дүниеге келді. Спорттық карьерасын жергілікті «Батыр» клубында бастады. Амплуасы – қорғаушы. Кейіннен Павлодардың «Ертісіне» ауысса, соңғы жылдары «Астананың» намысын қорғады. Елордалық команда сапында Шомко еліміздің алты дүркін чемпионы атанса, 2015 жылы Қазақстанның ең үздік футболшысы деп танылды. Спорттың бұл түрінде оның басқа да елеулі табыстарға қол жеткізгенін жанкүйерлер жақсы біледі. 2011 жылдан бері Дмитрий Шомко Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетуде. Сол кезден бері түрлі турнирлерде 45 рет жасыл алаңға шыққан ол екі голды қақпаға тоғытты.

Тоқсаныншы жылдары «Роторда» Қазақстанның тағы бір өкілі Владимир Нидергаустың өнер көрсеткені есімізде. Шабуыл шебінде жасындай жарқыраған Көкшетау футбол мектебінің түлегі бірден айтулы команданың жұлдызы айналған еді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше