Спорт • 11 Қаңтар, 2021

Сметов сүрінді, Қырғызбаевтың қарқыны жақсы

2262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Катардың астанасы – Доха қаласында дзюдодан Мастерс турнирі басталды. Алғашқы болып боз кілемге жеңіл салмақтағы балуандар шықты.

Сметов сүрінді, Қырғызбаевтың қарқыны жақсы

60 кило салмақта қос қандасымыз күш сынасуда. Өкінішке қарай, Елдос Сметов тұсаукесер кездесуінде сүрінді. Ол беларуссиялық Янислав Герчевке жол берді. Ғұсман Қырғызбаев жарысты сәтті бастады. Бастапқы бәсекесінде қазақ дзюдошысы түркиялық Михраж Аққұстан айласын асырды. Енді Ғұсман ресейлік Альберт Оғызовпен айқасады.  

Соңғы жаңалықтар