Спорт • 11 Қаңтар, 2021

Ғұсман Қырғызбаев та ұтылды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дохадағы дзюдошылардың Мастерс турниріндегі бүгінгі күннің соңғы үмітіміз Ғұсман Қырғызбаев еді. Алайда ол алысқа шаппады.

Ғұсман Қырғызбаев та ұтылды

Аса жеңіл салмақта күш сынасқан қандасымыз бастапқы бәсекеде түркиялық Михраж Аққұсты ұтқанымен, іле-шала ресейлік Альберт Оғызовқа жол берді. Осылайша, жарыстың алғашқы күні жерлестерімізге жүлде бұйырмады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елдос Сметов (60 кило) және Елдос Жұмаханов пен Ерлан Серікжанов (66 кило) жеңілістің кермек дәмін татты.