Бір реттік маскалармен сайлау учаскелерінде кезекшілік еткен медициналық қызметкерлер, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар, кандидаттардың сенімді тұлғалары, сондай-ақ өздерінде жеке қорғаныс құралдары жоқ сайлаушылар қамтамасыз етілді.
Пайдаланылмаған бетперделер Алматыдағы медициналық мекемелерге тапсырылды. Бұдан өзге, Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы кезекші сыныптарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету үшін мектептерге тағы 1 миллион бетпердені таратты.
Бетперделер тәркіленген қоймадан алынды. Бұрын хабарланғанындай, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандардан бірнеше миллион бірреттік бетперделер тәркіленген болатын.