Экономика • 11 Қаңтар, 2021

Қаржы нарығында табыс табудың мүмкіндіктері әртараптандырылды

164 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Сарапшылар  салымшыларға  жиған-тергенін мүмкіндік беретін инвестициялық құралдарды  тиімді пайдалануға кеңес беруге жалыққан емес. Біз      инвестициялық қаржылық құралдардың кірістігілігін бір-бірімен салыстырып көрейік.    2020 жыл депозит нарығында ұлттық валютадағы  депозит долларлық депозиттен гөрі көбірек түсім әкелді» деп жазады Egemen.kz.   

Қаржы нарығында табыс табудың мүмкіндіктері әртараптандырылды

Сарапшы Ілияс Исаев  қарапайым мысал ретінде 2019 жылдың желтоқсан айында 20 мың АҚШ долларын ешбір депозитте ұстамай, үйінде сақтаған қарапайым азаматтың тәжірибесін  мысалға келтіріп кетті. Арада 1 жыл өткенде, теңгеге аударылғанда ол иесіне 748 мың теңге пайда алып келді. Пайда  2019 жылдың 2 желтоқсанында айырбастаушылар долларды 387,1 бағамымен, ал 2020 жылдың 2 желтоқсанында 424,5-те сатып алғандығына байланысты қалыптасты.

 Осылайша, долларды матрац астында сақтау стратегиясы адамға жылдық кірісті 9,7% (шетел валютасындағы нөлдік кірістілікпен) қамтамасыз етті. Ал салымшы бұл соманы  банкке апарып, жылына 1% мөлшерлемемен доллар депозитін ашса, теңгенің кірістілігі жылына 10,8% -ды құрайтын еді.

– Банкті таңдаған адам қателеспеу керек. Себебі осыған дейін  Қазақстанда екі несие-қаржы институты клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындамаған. Проблемалық банкте орналастырылған салым жоғалмайды, өйткені бастапқы сома мемлекеттік кепілдікпен толығымен жабылған, –дейді Ілияс Исаев.   
Осы ретте қаржыгер  теңге депозиті бойынша пайыздық мөлшерлеме девальвацияның деңгейінен жоғары болғанын еске түсіріп өтті: Бір жылға орналастырылған теңгелік депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме  14% болған Егер бір жылдан кейін, 2020 жылдың 2 желтоқсан күні  ол қайтадан валютаға оралуға шешім қабылдаса, онда оның капиталы 10 722 долларға дейін өсер еді. Себебі сол кезде АҚШ долларымен есептеген кезде теңге бағамы 425,9 болған.

Ал келесі қаржыгер Ерлан Ибрагим корпоративті эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестиция салуға және «дұрыс» эмитенттерді таңдаған инвесторлардың табысын мысалға келтіріп өтті.   Банк депозиттеріне қарағанда акциялар нарығы тәуекелге тәуелді екенін сарапшылардың бәрі айтады.  

Ұлттық Банктің алтын құймаларын (кейбір екінші деңгейлі банктерде және банктік емес айырбастау пункттерінде сатылады) сатып алу арқылы біздің инвесторға бұдан да жоғары пайда әкеледі.

2019 жылдың 2 желтоқсанында барларды граммына 19,5 мың теңгеден сатып алуға болады, бір жылдан кейін сату бағасы 24,1 мың теңгені құраған болар еді. Инвестор бағалы металдарға салынған инвестициялар бойынша 913 мың теңге таза пайда тапқан болар еді, бұл жылдық кірістілік теңгемен 23,6% және шетел валютасында 12,3% құрайды.

Ұлттық Банктің алтын құймаларын сатып алу да  инвесторға жоғары табыс әкелетінін өткен жылы білдік. 2019 жылдың 2 желтоқсанында алтынның 1 грамын  19,5 мың теңгеге бағаланса, 2020 жылдың желтоқсан айында    24,1 мың теңгеге дейін көтеріліп, максимальды табыс  913 мың теңгеге  дейін көтерілді. Егер жаһандық көзқараспен қарайтын болсақ, бұл бағалы метал түріне инвесторлардың және әлемнің орталық банктерінен де сұраныс бар. Соңғы жылдары АҚШ-тан бастап, біраз елдер  өз алтын қорын айтарлықтай арттырып алған. Мұның Ұлттық банкке де қатысы бар. Егер 2007 жылғы дерекке көз жүгіртер болсақ, ол сәтте біздің реттеушімізде 56-57 тонна алтын болатын. Қазір шамамен 260-300 тонна алтын бар.

Бірақ, бұл тарапта алтынға деген сұраныс та оның бағасына да бағынышты. 2007 жылы алтынның троя унциясы $650 дейін жетті.  Шарықтау шегіне 2011 жылы жетті. Бұл кезде бағалы метал құны $1900 көрсетті. 2015 жылы оның құны $1000-ға  дейін арзандап кетті. Өзге активтер тәрізді оның бағасы төмендеуі де, жоғарылауы да әбден мүмкін. Бұл тарапта акциялар мен шетел валютасына да қатысы бар.

Сарапшылардың айтуынша, алтын осы жылдың басты активіне айналады. Ұлттық банк әлемдік экономикалық тұрақсыздығы себебінен алтынның қорын көбейтіп отыр.

Сонымен қатар өткен жылдың өзінде ғана еліміздің алтын-валюта резервтеріндегі алтынның үлесі 31% -ға артты және 65,1% немесе 19 млрд долларды құрайды. Әлемдік пандемия қаржы секторында табыс табудың тетіктерін әртараптандырды.

Қор нарығына инвестиция салатын потенциалды инвесторлар қатары  біздің елде де көбейіп келеді. Пандемияның алғашқы тоқсанында әлемдік қор биржасында атақты кмпаниялардың акциясы арзандаған  кезде акциясатып алып, табысын еселеп арттырғандардардың арасында біздің отандастарымыз да бар.  Демек биылғы тренд қаржылық- биржалық сауаттылық мәселесіне қарап ойысатынын айтып отыр сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар