Фото: pixabay.com
«Мектеп асханасының меңгерушісі Дәметкен Шәкенова ҚР Қылмыстық Кодекстің 304-бабы «адамдардың жаппай ауруға немесе улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша айыпталып отыр. Жеке кәсіпкер сот барысында ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен үйіне жіберілді», делінген хабарламада.
Тексеру нәтижесінде мектеп асханасынан ішек бактериялары анықталып, 12 қызметкерден стафилококк табылған. Ал ыдыс жуушы дизентерияны тасымалдаушы болып шыққан. Енді кәсіпкерге айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Айта кетейік, айыпталушы жеке кәсіпкер осы мектепті 10 жылдан бері ыстық тағаммен қамтамасыз етіп келген.