Байқаушылар халықаралық аккредитациядан өтіп, ПТР-тест тапсырыпты. Олардың пікірінше, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
– Ең алдымен байқағаным – сайлауда дауыс берушілердің қауіпсіздігіне баса мән берілгені. Барлық учаске санитарлық құралдармен, оның ішінде қорғаныш экрандары, санитарлық кілемшелер, қол санитайзерлері, медициналық маскалармен жабдықталыпты. Заңбұзушылық байқалған жоқ, – дейді ТМД миссиясымен келген халықаралық байқаушы Владимир Золотокопов.
ТМД миссиясының тағы бір өкілі, байқаушы Сергей Вороновтың пікірінше, сайлау Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық адам құқықтарын қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес өтті.
– Қазақстанда халықаралық байқаушылардың кедергісіз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалды. Сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігін байқадым. Бұл сайлау Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік-рухани дамуының жаңа белесі боларына сенемін, – дейді С.Воронов.