Күрес • 12 Қаңтар, 2021

Оңтүстік Корея дзюдошылардың қарқыны күшті

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катардың бас шаһары – Дохада өтіп жатқан Мастерс турнирінің алғашқы күні ерлер 60 және 66 кило салмақ дәрежелерінің жүлделерін сарапқа салды. Бұл бәсекелер мынадай нәтижелермен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оңтүстік Корея дзюдошылардың қарқыны күшті

60 кило: 1. Ким Вон Жин (Оңтүстік Корея), 2. Янг Вей (Тайпей), 3. Альберт Оғызов (Ресей) мен Торнике Цикадое (Нидерланд).

66 кило: 1. Ан Баул (Оңтүстік Корея), 2. Барух Шимайлов (Израиль), 3. Ваша Маргвелашвили (Грузия) мен Арам Григорян (Ресей).  

Ал Қазақстан құрамасына келер болсақ, алғашқы күні төрт бірдей мықты балуанымыз татамиге шықты. 60 кило салмақтағы Елдос Сметов тұсаукесер кездесуінде Еуропа чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, болгариялық Янислав Герчевтен жеңілді. Ғұсман Қырғызбаев түркиялық Мирақ Аққұстың аяғын көктен келтіргенімен, іле-шала ресейлік Альберт Оғызовқа жол берді. 66 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан қос қандасымыз бастапқы бәсекелерде тәп-тәуір күресті. Елдос Жұмаханов ресейілік Якуб Шамиловқа шаң қаптырды. Ерлан Серікжанов Ресейдің тағы бір өкілі Абдола Абдулжалилов пен Оңтүстік Кореяның оғланы Ким Лимванды ұтты. Алайда келесі кездесулерінде екеуі де Моңғолияның марқасқаларына есе жіберді.