Рейд кезінде санитариялық-эпидемиологиялық, сондай-ақ карантиндік шектеу талаптарын бұзудың 28 дерегі анықталды. Мәселен, Қызылқоға ауданында отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, осы күндері екі үйлену тойы өткізіліпті. Ал Атырау қаласында бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қызметіне тыйым салынған «Регионбет» лото клубы келушілерді жасырын қабылдағаны белгілі болды.
Сондай-ақ Жылыой ауданындағы «Теңіз» вахталық қалашығында бетперде режимін сақтамаудың 2, бекітілген жұмыс режимін бұзудың 1 дерегі тіркелді. Осындай дерекке қатысты 22 материал қаралып жатыр. Мобильді топтар мен жергілікті полиция департаментінен түскен материалдар бойынша ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 547 975 теңгенің 6 айыппұлы салынды.