Қазақстан • 12 Қаңтар, 2021

Еліміздің сегіз өңірінде ауа райы күрт бұзылды

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің сегіз өңірінде ауа райы күрт бұзылды

Ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, шектеулі көріну) еліміздің алты өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, қар, тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Соңғы жаңалықтар