Павлодар облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің хабарлауынша, бұрнағы жылдары киіктер өңірде 10-15-тен ғана топтанып жүрсе, қазір түз еркесінің саны 8 мыңға жеткен. Бұл – киіктерді сақтау жолындағы қатаң жауапкершіліктің нәтижесі.

Еліміздің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ғылыми мақсаттардан басқа, 2023 жылға дейін киіктерді атуға тыйым салу туралы мораторий енгізгені белгілі. Мақсат – браконьерлікпен күресті күшейту, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғауды өңірдегі «Орман және жануарлар дүниесін қорғау аймақтық мемлекеттік инспекциясы» мен «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» жүзеге асыруда. Сонымен қатар облыс аумағында «Аңшылық» шаруашылығының арнайы мекемесінің тірек бекеттері орналасқан. Мекеме 123 млн гектардан астам орман аумағын тәулік бойы бақылайды. Қазір тіпті қасқырды ату үшін де арнайы рұқсат қағазы талап етіледі.
Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төленбаевтың айтуынша, былтыр елікті заңсыз аулаудың екі оқиғасы тіркеліпті. Орманшылар Аққулы ауданы, Бесқарағай орман шаруашылығында полиция қызметкерлерімен бірге елік атқан үш браконьерді ұстаған. «Бұл құқықбұзушылық үшін айыппұл мөлшері 350 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Киіктер ерекше қорғалатын орман аумағында атылғандықтан, табиғат байлығына қол тигізгендер 2 млн теңгеден астам қаражат төлейді», дейді инспекция басшысы.
Киіктерді заңсыз ату немесе зиян келтіргені үшін, жануардың еркегін атқандар үшін 500 АЕК, ал аналық киік пен төлін атқандарға 350 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Жыл сайын желтоқсанның 1-інен 31-іне дейін «Киікті қорғау» шарасының қысқы кезеңі өтеді. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін биыл киік санағына МИ-2 ұшағы тартылды.
Орманшы Қажмиден ағамыздың айтуынша, желтоқсан айында еркек киіктер едәуір әлсірейді, бұл браконьерлер мен жыртқыштар үшін оңай олжа. Ал киіктердің жаппай қырылу уақыты көбінесе мамыр айында, яғни төлдеу кезінде болады.
«Киік дейміз, елік те дейміз, қазір қасиетті жануарларды қорғау шаралары жүргізілуде. Бұл жануардың төлдеуі де қызық. Алғашқы төлдеуінде бір лақ, ал екінші төлдеуінде екі-үш лаққа дейін туа береді. Құралайдың салқыны түскенде, мамыр айының 10-15-і күндері төлдеуі басталады», дейді орманшы.
Бұл күндері басқарма мамандары өңірдегі Орман және жануарлар дүниесін қорғау аймақтық мемлекеттік инспекциясы, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманшыларымен бірлесіп, Май және Баянауыл, Аққулы аудандарының аумағындағы ормандарда киіктерді қорғау шараларын тұрақты жүргізуде.
Полиция департаментінің мәліметінше, «Қызыл кітапқа» енген жануарларды қорғау жергілікті полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Мысалы, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында былтыр полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасындағы 760 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 324 адам балық аулау ережесін және 365 адам аң аулау ережесін бұзған. Жалпы сомасы 5,2 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салыныпты. Инспекция қызметкерлері «Атылған киіктерді сатып алу және сату бойынша» әлеуметтік желілердегі хабарландырулардың таралуына тұрақты түрде мониторинг жасап, бақылауға алған. Киік мүйізінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейтіліп, оны елден тыс жерлерге әкетуге тосқауыл қойылған.
Павлодар облысы
Спорт • Бүгін, 08:49
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Оқиға • Бүгін, 08:45
Жетісуда індет жұқтырғандар көбейді
Қоғам • Бүгін, 08:43
Электронды қызмет көрсетуге көшті
Аймақтар • Бүгін, 08:41
Экономика • Бүгін, 08:40
Үздіктер тізімінде кімдер бар?
Спорт • Бүгін, 08:30
Спорт • Бүгін, 08:29
Он үш жасар оғлан ересектер арасында ел чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Руханият • Бүгін, 08:23
Руханият • Бүгін, 08:21
Өнер • Бүгін, 08:18
Оқиға • Бүгін, 08:11
Руханият • Бүгін, 08:07
Цифрлы келешек және ұлттық құндылықтар
Технология • Бүгін, 08:06
Қоғам • Бүгін, 08:03
Жарна төлеу қалай жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 08:02
Қоғам • Бүгін, 08:01
Қоғам • Бүгін, 07:59
Қазақы атаулар жаңа жылда арта түседі
Руханият • Бүгін, 07:58
Ұлықтайтын адамдарды ұмытпайық
Руханият • Бүгін, 07:56
Білім • Бүгін, 07:53
Балабақшаға екі жастан барса...
Білім • Бүгін, 07:52
Саясат • Бүгін, 07:47
Табыс салығын есептеу мәнісін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 07:45
Қайта өңделген алюминийге мұқтаж
Экономика • Бүгін, 07:43
Ескі техникадан құтылудың жолы
Экономика • Бүгін, 07:42
Қаржы • Бүгін, 07:41
Шетелден жұқтырып келушілер де бар
Аймақтар • Бүгін, 07:38
Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға да шүкіршілік ете алмайды
Руханият • Бүгін, 07:35
Пікір • Бүгін, 07:33
Пікір • Бүгін, 07:32
Әлем • Бүгін, 07:30
Қазақстан эволюциялық жолмен жүреді
Пікір • Бүгін, 07:29
ЕАЭО-ға төрағалық кезеңіндегі міндет-мақсаттар айқындалды
Саясат • Бүгін, 07:27
Пікір • Бүгін, 07:26
Алдағы бағытымызды айқындап тұр
Пікір • Бүгін, 07:25
Аязда қатпайтын «Аltay-45» (Бұл – дизельдің жаңа түрі)
Оқиға • Бүгін, 07:21
Сегізінші маусымдағы тың серпін
Театр • Бүгін, 07:20
Әлем чемпионаты Минскіде өтпейді
Хоккей • Бүгін, 07:20
Дэвис кубогының шешуші бәсекелері 11 күнге созылады
Спорт • Бүгін, 05:00
Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жарыс өтеді
Спорт • Бүгін, 04:25
Меркель Германияда карантиннің 14 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлады
Әлем • Бүгін, 04:15
Су добынан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан Грекияға есе жіберді
Спорт • Бүгін, 04:00
Тау шаңғышыларының табысы толағай
Спорт • Бүгін, 03:30
Алматыдан оңтүстікке қарай 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 03:00
Жамбыл облысында су басуы ықтимал 38 елді мекен анықталған
Аймақтар • Бүгін, 02:30
Биатлоншылар Антхольцке аттанды
Спорт • Бүгін, 02:01
Әли Әлиев «Шахтердің» бас бапкері болып тағайындалды
Спорт • Бүгін, 01:42
ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында Финляндияның «Йокеритін» ұтты
Хоккей • Бүгін, 01:37
Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына ауызсу тартылды
Аймақтар • Бүгін, 01:33
Пандемия салдарынан Өзбекстанда қалып қойған шетелдік әйелдің оқиғасы
Әлем • Бүгін, 01:15
Қарағанды облысында 39 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанның бес ауданында карантин күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғындарының 20 пайызына коронавирус вакцинасы салынады
Аймақтар • Кеше
«Шахтер» командасына бас бапкер тағайындалды
Футбол • Кеше
Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
Футбол • Кеше
Карантин кезінде мұғалімдерден пара алып жүрген директор қамалды
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Цифрлық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
35 жастағы вице-министр қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар