Бүгінгі өмірді, қоғамдық тәртіптілікті бейнекамераларсыз елестету тіпті де мүмкін емес. Сол себепті де заманның қырағы көз құралына деген сұраныс күннен күнге артып келеді.

Мысалы, Қарағанды облысында алдымыздағы үш жылда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында үш мыңнан астам бейнекамера өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қадағалайтын болады. Видеобақылау кеңінен қанат жайып, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қоғамдық орындарда көп қолданыла бастайтын болады.
Іс жүзінде мұндағы деректер полиция департаментіндегі жедел басқару орталығына және облыстың барлық құқық қорғау органдарына тікелей түсіп отырады. Мұның өзі нақты уақыт режімінде ахуалдың мониторингін арттыруға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды ізін суытпай ашу жөніндегі деректерді іздеуді және талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар коммуналдық меншіктің сақталуын арттыру және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттер де оң шешімін табады. Бұдан бөлек, аталған жоба қылмыстық оқиғалар болуы ықтимал аудандарда немесе қылмыс деңгейі жоғары аудандарда азаматтардың қауіпсіздігін сақтауды арттыратыны да сөзсіз.
Қарағанды облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының хабарламасына сай, жоба аясында сыртқы бақылаудың 3 223 камерасынан түскен бейнесигналдарды сақтау мен өңдеудің бірыңғай орталығын, жол қозғалысы ережесін бұзушылықтың бекітілген 100 кешенін және шұғыл байланыстың 33 терминалын құру жоспарда бар екен. Бұл үшін аталған басқарма Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Саран қалаларында және Осакаровка кентінде бейнебақылау камераларынан сигналдар алатын бірыңғай орталықтандырылған жүйе құру бойынша қызмет көрсетушілер арасында конкурс жариялаған. Байқау шартына сәйкес, оған аппараттық-бағдарламалық кешенді енгізу, бейнебақылау камераларынан сигнал алу үшін кабель төсеп инфрақұрылым құру, бейнебақылау камералары, камераларды монтаждау, қызмет көрсету және басқа да қажетті жабдықтарды және перифериялық құрылғыларды сатып алу кіреді.
Жоба аясында қолданыстағы бейнебақылау камералары жаңғыртылады, жылдамдық режімінің артуын, жол қозғалысы ережелерін бұзуды және басқа да тәртіпсіздіктерді тіркей алатын жаңа камералар орнатылады. Мұндай орталықтандыру құтқару қызметінің түрі бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға, бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға, жедел ақпарат алмасуға және басқа да қажетті қызметтерді алуға мол мүмкіндік береді.
Жоба бірнеше кезеңге бөлініп, үш жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.
Қарағанды облысы
Қазақстанда өткен тәулікте 1430 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 08:46
Әкімдіктерде бетбұрыс бар (Ол – министрліктерге өнеге)
Оқиға • Бүгін, 08:43
Қоғам • Бүгін, 08:42
Бәрін бүлдіретін – «бейресми жол»
Саясат • Бүгін, 08:40
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Вакциналау пандемияны ауыздықтай ала ма?
Коронавирус • Бүгін, 08:37
Өнер • Бүгін, 08:23
Ташкентте жарық көрген «Терме»
Руханият • Бүгін, 08:22
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Саясат • Бүгін, 08:10
Экономика • Бүгін, 08:07
«Достлуг» Каспийдегі достықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 08:05
Нарық үшін нағыз бәсеке енді басталады
Экономика • Бүгін, 08:05
Байден билігі: «Үмітке толы күн»
Әлем • Бүгін, 08:03
Қазақ журналистикасының қара нары
Қоғам • Бүгін, 08:00
Ұлт қасіретін арқау еткен туынды
Кино • Бүгін, 07:57
Саясат • Бүгін, 07:54
Ахуалың қалай, ауылдағы ағайын?
Ауыл • Бүгін, 07:52
ЕО-ЕАЭО: Еуроодақпен ынтымақтастықты дамытудан ұтарымыз көп
Саясат • Бүгін, 07:50
Әлем • Бүгін, 07:46
Ұқсас жаңалықтар