2020 жылдың трендтерінің бірі мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта құру әдістері қарастырылып, макроэкономикалық саясат, әлеуметтік саланы дамыту, экономиканы әртараптандыру және бизнесті реттеуге бағытталғаны деуге болады. Жыл соңында Реформалар жөніндегі жоғары кеңес жиынын өткізген Президент Қ.Тоқаев мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі догматизм мен көзбояушылықтан толық ада болуы қажеттігін, «сұлу сөз қаншалықты аз болса, мазмұны соншалық бай болатынын» ескерткен-ді.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалғаны көз алдымызда. Оның біразы күшін жойды, жаңа бағдарламалар мен құжаттар жасалды. Бәрін сатылы түрде жүйелеп, қажет еместерінен арылу керектігін ашық айтқан пікірлер Ақордаға жетті. Сәйкесінше шешім қабылданды.
Бұл мәселенің толғағы пісіліп жеткені өткен жылы қаттырақ білінді. Қараша айында Ұлттық банк Парламент қабырғасында тиімсіз бағдарламаларды қысқарту туралы мәселені көтерді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы экономикалық өсімге серпін беру қолданыстағы қолдау тетіктерінің мақсаттары мен міндеттерін қайта бағдарлай отырып, қайта қарауды талап ететінін алға тартты. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар негізінен несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бағытталған. 2015-2019 жылдар аралығында субсидиялау арқылы экономиканы дамыту мен қолдаудың түрлі бағдарламалары аясында 4,3 трлн теңгенің келісімшарттары несиеленді. Мұндай механизм несиелік нарықтағы ресурстардың әділ құнын бұрмалайды, пайыздық мөлшерлеме мен несиелік арналардың тиімділігін төмендетеді.
Макроэкономика, әлеуметтік сала, бизнес, сот пен өзге де салалар бойынша қазір ірі стратегиялық құжаттар дайындалып жатыр. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жұмыс істей бастаған үш жарым айда Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің екі отырысы өтті. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов ең әуелі өзгерістерді қажет ететін салаларға басымдық беретінін айтты.
– Денсаулық сақтау, экономикалық өсу секторында бізге Ұлттық қор көмектесті. Енді Ұлттық қорды қалыптастыруға қалай кірісетініміз, бюджет және қазына саясатының қаншалықты ұтымды болатыны өте маңызды. Осы мәселелердің барлығы биыл макроэкономика мәселелері жөніндегі топта қаралады. Экономиканы әртараптандыру бойынша жұмыс тобына келер болсақ, мұнай мен оның бағасына тәуелсіз сектор құру қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа жұмыс орындары құрылады. Туризм, агрошаруашылық сынды секторларға назар аударылып, бюджет қаржысы бөлінеді, – деді Қ.Келімбетов.
Тағы бір маңызды бағыттардың бірі – әлеуметтік сала. Қазір Әлеуметтік кодексті құру жұмыстары басталғанын айтып өткен Қ.Келімбетов өңірлік даму стратегиясын қабылдауды ұсынғанын, әр өңірдің өзін дамытатын артықшылығы, өсу нүктелері бар екенін, алдымен соларды анықтауға басымдық берілетінін айтты.
– Біз жетістікке жеткен Ұлыбритания, Малайзия, Сингапур сынды алдыңғы қатарлы елдердің реформаларды жүзеге асыру тәжірибелерімен таныстық. Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау жүйесі бекітілгеннен кейін мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға ауысатынымызды атап өтті. Ұлттық жоба дегеніміз – нақты бір мақсаттарға жетуге бағытталған кешенді жоспар. Осы бағыттардың барлығы биыл жүзеге асады және әр ұлттық жобаны түрлі мемлекеттік орган жүзеге асырады. Цифрлы қызмет негізінде жұмыс істейтін арнайы орталықтар құрылады. Бәрінен бұрын Кеңсе, Цифрлы трансформация кеңсесі және Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуын бақылау кеңсесі жұмысын бастайды. Агенттік құру – Мемлекет басшысы атап өткен үлкен реформаларға дайындықтың қорытынды кезеңі болды, – деді Қ.Келімбетов.
Макроэкономика тобын Сума Чакробарти басқарады, ол Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары. Үш топты Премьер-Министр басқарып отыр, бір топты Президент Әкімшілігінің Басшысы және тағы бір топты Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары басқарады. Әр топ бірнеше отырыс өткізіп үлгерді, жұмыс топтарының платформасы – мемлекеттік органдардың жұмысы, ал үйлестіруші рөлді Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі атқарады. Әлемдік трендтер, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибе зерттелді. Қазір кез келген шешім big data негізінде қабылдануы қажет. Сол себепті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі статистика саласына үлкен өзгеріс енгізіп жатыр. Статистика бюросы агенттікке берілді. Бұл бюро экономикада болып жатқан жайттарға тәуелсіз баға беру үшін қажет.
Қ.Тоқаев 2021 жылы Стратегиялық жоспарлау жүйесі бекітілгеннен кейін мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға ауысуды атап өткен-ді. Ал сарапшылар ұлттық жоба нақты бір мақсаттарға жетуге бағытталған кешенді жоспарларға басымдық беріп, мүмкіндік пен әлеуетімізді шашыратып алуға жол бермеу қажет екенін ескерте бастады. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды скринингтен өткізіп, бір ширатып алу әлемдік трендке айналған.
«2021-2023 жылдарға арналған көптеген мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың қысқаруы дағдарыс пен бюджет тапшылығы жағдайында биліктің мәжбүрлі қадамы. Ендігі жерде тек қана мемлекеттік реттеуші міндеттемелердің шығындары «қорғалуы» керек», дейді сарапшылар. Олардың пікірінше, мемлекеттік бағдарламалардың көпшілігінде қысқартудың резервтері бар. Бұл бағдарламаларды өзара үйлестіруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бағдарламалар неге орындалмады?
Қазір Қазақстанда ұлттық экономиканың барлық саласы мен іс жүзінде қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитын 15 мемлекеттік және салалық бағдарлама бар. Жасыратыны жоқ, бүкіл халықтың әл-ауқаты көбіне мемлекеттік бағдарламаларға байланысты.
Саясаттанушы Санжар Боқаев шенеуніктер мемлекеттік бағдарламаларды пафоспен жариялайтынын, соңында оның орындалуына жауапты тұлғалардың кім екенін ұмыттырып жіберуге тырысатынын айтады. Оның пікірінше, мемлекеттік деңгейде қабылданған әр құжат, әр бағдарлама мұқият талданбайды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін бағалау әдістері әзірленетінін және оны жауапты орындаушылар бекітетін тәжірибе бұрыннан қалыптасқанын нақтылаған С.Боқаев бұл әдістеме сыртқы тәуелсіз аудиттің сараптамасынан өтпейтінін де ескертті. Оның нәтижесі де қызық: мемлекеттік бағдарламалардың орындаушысы өзін-өзі дамытады, жүзеге асырады және өзін-өзі бағалайды. Яғни дайындаушы да, орындаушы да, сыншы да бағдарламаны дайындаған жұмыс тобының өзі болып шығады.
Сарапшы айтқандай, қолданыстағы бағдарламалардың басым көпшілігі орындалу тетіктерінің жоқтығынан жүзеге аспай қалған. Бағдарламаның мақсаты, міндеті, индикативті көрсеткіштері айқын болғанымен оны жүзеге асыратын тетіктері барынша бұлыңғыр.
– Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін бағалау әдістері әзірленетін және оны тек жауапты орындаушылар бекітетін тәжірибе бұрыннан қалыптасқан. Сонымен қатар әдістеме сыртқы тәуелсіз аудиттің сараптамасынан өтпейді. Тиімді басқару тұрғысынан бұл мүлдем қолайсыз, – дейді С.Боқаев.
Сарапшы айтқандай, мемлекеттік басқару жүйесінде ақ пен қараның арасындағы миллион түрлі түс бар екенін мойындамайтын KPI жүйесі қалыптасқан. Бұл бағыт бюджеттің орындалуына және бөлінген қаржының игерілуіне ғана басымдық береді. Ал түпкі нәтиже ешкімді қызықтырмайды.
– Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін бағалау әдістері шенеуніктерді шығындарды басқаруға бағыттап, шығынның арнасын пайдаға бағыттау мүмкіндігін тежеп, бөлінген қаржыны қалай игергеніңіздің, қалай үнемдегеніңіздің құны көк тиын болып қалады. Бұл тәсіл шенеуніктерді тек бюджеттерді әзірлеумен айналысуға мәжбүр етеді, мемлекеттік органдарды тендерлік машинаға айналдырады. Нәтижесінде, шығындарға талдау жасалмайды. Талдау жасалмағандықтан, бағдарламаның шығыны мен пайдасын бағалайтын нақты құралдар қолданылмай, тасада қалады, – дейді ол.
Мемлекеттік бағдарламаның орындалмағаны үшін топ-менеджерлердің жеке жауапкершілігінің жоқтығы, жүз миллиардтаған теңгені тиімсіз жұмсаған шенеуніктерге санкциялар қолданбайтыны осыған дейін де жиі айтылатын.
– Біз мыңдаған теңгені ысырап еткені үшін ауылдық округтің кішкентай шенеунігін соттап жатырмыз, ал министрлерді бірнеше миллиардтық бағдарламалардың сәтсіздігі үшін жазаламаймыз. Мемлекет ендігі жерде жауапкершіліктің тек моральдық емес, қылмыстық сипатына да басымдық беруі қажет. Оны бағдарламаны әзірлеушілер де, іске асыруға жауапты адамдар да сезінген кезде бағдарламаны орындауға мүмкіндік туады, – деп қорытты С.Боқаев.
Қажетсіз бағдарламаларды көбейту қажет емес
Экономист Мағбат Спанов популистік шешімдерді қабылдау жүріп жатқанын, Үкімет кейбір мәселелерді Ұлттық қор қаражаты есебінен шешуді ұсынатынын, мұны тоқтататын уақыт келгенін, Үкіметтің экономикалық блогына ақша табуды үйренетін кез келгенін жеткізді. Ұлттық қордың ақшасын жарату арқылы мәселені шешу үшін көп ойланудың қажеті жоқ. Үкіметтің назары жалақы, жер, денсаулық және заң төңірегінде болуы керек. Мемлекеттік бағдарламалар көп, жаңа бағдарламалар да әзірленуде. Әрқайсысы белгілі бір қаржылық қолдауды қажет етеді. Алайда, қазіргі жағдайда оларды қандай көздерден қаржыландыру керектігі түсініксіз. Қоғамды жеке қауіпсіздік, жалақы, денсаулық және әлеуметтік әділдік толғандырады.
– Қажетсіз бағдарламаларды бірінен кейін бірін балалата берудің қажеті жоқ. Халықпен келісіп, жағдайды нақты түсіндіре білу керек. Қытайдың Батысты игеруі де зерттеуге тұрарлық тәжірибе. Жалпы мемлекеттік саясат осы бағытқа көңіл аудара бастағаны дұрыс, – дейді М.Спанов.
GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халықтың байламынша, тәуелсіздік алған жылдары қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың жалпы саны 50-ден асып кетіпті. Осы бағдарламалардың ішінде іліп алатындарының қатарында Индустрияландыру бағдарламасы бар. Қазір мұны сарапшылар бір-бірімен сабақтасып, бір-бірін толықтыратын салалық бағдарламаларға теңеп жүр. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы осы бағдарламалардың басы-қасында жүргенін айтып өткен Мақсат Халық 2009 жылдары Қайрат Келімбетовпен кездескенін, «2015 жылға дейінгі қамтитын бағдарламаның нәтижесін күтпей, жаңа бағдарламаның не себептен қабылдадыңыздар?» деп сұрағанын айтты.
– Сол кезде Қайрат Нематұлы алғашқы бағдарлама қабылданған кезде 2007-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыс ескерілмегенін, сол себепті бағдарламаны қаржыландыру уақытша тоқтатылғанын айтты. Алдыңғы құжаттардағы сабақтастықты сақтай отырып, жаңа бағдарлама қабылданғанын, көп бағдарламалар екінші кезеңге қалып тұрғанын, бірақ 2020 жылға дейін жүзеге асатынын жеткізген болатын. Бізде бағдарламаға жауапты тұлғаның нақтыланбайтыны бар. Мысалы, бағдарлама бір шенеуніктің министр немесе премьер-министр кезінде қабылданды. Кейін ол әкім немесе елші болып кеткендіктен «Бағдарламаның орындалуына кім жауап береді?» деген сұрақ жауапсыз қалады, – деген М.Халық жауапты тұлғалардың жауапкершілігі ауыс-түйістің тасасында адасып қалатынын айтып өтті.
– Бүгінге дейін қабылданған бағдарламаларды 2050 жылға дейінгі стратегиямыздың айналасына топтастыратын кешенді стратегиялық бағдарлама керек. Біз сол кезде ғана Мемлекет басшысы айтып өткендей, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін догматизм мен көзбояушылықтан тазартамыз. Бірақ кедергі көп. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі қиыннан қиыстырудың мың түрлі тәсілін меңгерген әкімдерге әзірге әлі мінез көрсете алған жоқ. Сондықтан агенттікке мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылайтын, қай жерде мүлт кеткенін қадағалайтын, көшті кейінге тартып отырған әкімдерге ескерту беретін құзірет беру керек, – дейді экономист. Агенттік бұл міндетті тәуелсіз һәм кәсіби сарапшылардың мүмкіндігімен жүзеге асыра алады.
АЛМАТЫ
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Кеше
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Кеше
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
UBS стратегтері крипто-инвесторларға барлық ақшаларын жоғалту қаупі туралы ескертеді
Экономика • 16 Қаңтар, 2021
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар