Спорт • 13 Қаңтар, 2021

Жансай Смағұлов та жүлдесіз қалды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катардың бас шаһары – Дохада өтіп жатқан Мастерс турнирінде 73 кило салмақ дәрежесінде күрескен Жансай Смағұлов жеңіс тұғырына сынық сүйем қалғанда сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жансай Смағұлов та жүлдесіз қалды

Айтулы жарысты Жансай өте керемет бастады. Алғашқы үш қарсыласын ол мерзіміне жеткізбей таза, яғни иппон әдісімен ұтты. Атап айтсақ, франциялық Гийома Шане, канадалық Артур Маржелидон және косовалық Акил Гьякова қазақ балуанының қарқынына шыдай алмады. Жартылай финалда біздің жігіттің әлем чемпионы және сол жарыстың үш дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы және құрлық чемпионы деген дардай атағы бар Оңтүстік Кореяның өкілі Ан Чанг Римге әлі жетпеді. Ал қола медаль үшін бәсекеде германиялық Игорь Вандтке жолын берген Жансай Смағұлов бесінші орынды қанағат тұтты.

Сол күні 81 кило салмақта күш сынасқан Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамзаға да үлкен үміт артқан едік. Алайда өзінің тұсаукесер кездесуінде ол өзбекстандық Шарофиддин Болтабоевқа есе жіберді.