Қазақстан • 13 Қаңтар, 2021

Кадрлық резервтегі 2 жас Мәжіліс депутаты болды - Ерлан Қарин

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттік жастар кадрлық резервіне кірген 2 жас «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаты болды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Кадрлық резервтегі 2 жас Мәжіліс депутаты болды - Ерлан Қарин

«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысушы Тілектес Адамбеков пен Зүлфия Сүлейменова ұсынылды. Резервшілердің Мәжілістің жаңа құрамына кіруі Президенттік жастар кадрлық резерві жас кәсіби мамандарды ілгерілету және олардың әлеуметін жүзеге асыру үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналғанын тағы да бір мәрте паш етеді»,  деп жазды Ерлан Қарин Telegram-парақшасында.