Қазақстан • 13 Қаңтар, 2021

Елдің оңтүстігі мен батысында сыбайлас жемқорлық жиі кездеседі

310 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді. Сауалнама нәтижелері бойынша адамдар сыбайлас жемқорлыққа жиі тап болатын өңірлер мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ неғұрлым жемқор мемлекеттік лауазымдардың тізбесі, сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің себептері мен мән-жайлары, пара сомалары анықталды.

Елдің оңтүстігі мен батысында сыбайлас жемқорлық жиі кездеседі

«Өңірлер бөлінісінде Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Атырау облыстары сыбайлас жемқорлыққа жиі тап болған. Бұл аймақтарда біздің респонденттер келіссөздер жүргізу қажеттілігі көп болғанын хабарлады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 11, респонденттердің 3% сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болғандарын айтты. Халық сыбайлас жемқорлық ахуалына тартылған мемлекеттік мекемелерге негізінен ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармасы, ХҚКО, мемлекеттік балабақшалар енді, 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің 1%-ға азайғаны байқалады. Әдетте, бастамашылар ведомстволардың немесе мекемелердің қызметкерлері болған, содан кейін азаматтардың өздері, сондай-ақ, делдалдар үлесі 6% өскен, мұны ақпараттың және тиісті коммуникацияның болмауымен байланыстырамыз, сондықтан «көмекшілер» сұранысқа ие болды. Негізінен бұл – мамандар немесе қатардағы қызметкерлер, 17% басшылардың орынбасарларына тиесілі», - деді спикер.

Айта кетейік, олар пара берудің 30-дан астам себебін атады және жартысынан көбі «мәселені осылай шешу өте ыңғайлы және жылдам» деді, респонденттердің 8% - «басқа жолы болмады», әйтпесе «қызметкер ол әуре-сарсаңға салып, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланады» деп жауап берген.

«Сауалнама барысында біз 72 жағдайды сипаттадық, олардың ішінде ең көп тарағандары – ем алу немесе ауруханаға жолдама алу, халықтың пара беруге дайын болуының себептерінің ішінде екінші орында – жұмысқа орналастыру, үшінші орында - баланы балабақшаға орналастыру, төртінші орында – жер мәселелерін шешу, ХҚКО-дан түрлі анықтамалар алу. Сыбайлас жемқорлық мәмілесінің құны ең азы мың теңге, ең көбі 300 мың теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда пара мөлшерінің азайғаны байқалады, бірақ респонденттер бұл пара берушілердің мейірімділігінен емес, дағдарыс пен келіссөздердің аз болғандығынан дейді. Бірақ респонденттердің сыбайлас жемқорлыққа тартылу дәрежесі мен мемлекеттік органдарға жүгіну жиілігі арасындағы корреляцияға көз салсақ, сыбайлас жемқорлық тәжірибесі респонденттің қандай да бір қызметті алуға деген қызығушылығына байланысты болады. Мысалы, респонденттер арасында ХҚКО-ға жүгінулер саны 3000-нан астам болды, бірақ 55 жағдай ғана сыбайлас жемқорлық мәміле жасалғандығын айтты. Мысалы, полицияға 483 өтініш келіп түсті, оның 67 - сі сыбайлас жемқорлық мәмілесімен немесе мәселені бейресми шешумен аяқталған», - деп атап өтті Қор басшысы.