"Ағын судың пайда болу себебі, күннің күрт жылып кетуінен, сонымен қатар жауын-шашынның қатты жауып тұруына байланысты болды. Ағын судың шамамен көлемі 30-40 метр, биіктігі 3-4 см. Қазіргі таңда, облыстық маңызы бар автомобиль жолының маңынан арық қазу арқылы Билікөл көліне суды бұру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнына жергілікті атқарушы органнан 15 адам, 4 жеңіл техника, 1 экскаватор (арнайы техника арықтарды ашып, суды төмендету мақсатында жұмыс істеп жатыр) және аудандық төтенше жағдай бөлімінен 6 адам, 2 техника (1 нива, жедел құтқару тобының 1 УАЗ автокөлігі) жұмылдырылып, жұмыстар жүргізілуде. Ауыл арасында көше араланып, ешқандай үйді су баспағандығы анықталды. Алдағы уақытта қосымша жағдай баяндалатын болады", - делінген хабарламада.
2021 жылдың 12 қаңтарында сағат кешкі 18:00 шамасында Талас ауданы Майтөбе ауылына қарама-қарсы беттегі Қаратаудың қары еріп ауылға қарай аққан, деп хабарлайды Egemen.kz Талас ауданы әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Алматы • Кеше
Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс беріледі
Қоғам • Кеше
Қазақстан депутаттары жаңажылдық корпоратив өткізбейді
Парламент • Кеше
Астанада 2,6 мыңнан астам адам қар күреп жатыр
Елорда • Кеше
Қостанай облысында қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Төтенше жағдай • Кеше