Түркістан қаласындағы «Халықты жұмыспен қамту орталығында» бұған дейін ұзын-сонар кезектен көз сүрінетін. Орталық қызметкерлері де, қызмет алуға келген халық та жүйкелері шаршап, наразы кейіппен бір-біріне шағым айтып жататын. Енді орталық толықтай робот-бейнекамералардың бақылауына көшкен соң оның кең залы құлаққа ұрғандай тып-тыныш. Кезек атымен жоқ. Сервис қызметкерлері де, тұтынушылар да бір-бірімен сыбырласа сөйлеседі. Себебі, сізді осындағы әр қызметкердің алдында тұрған 18 камера бақылап отыр. Бұл сыбайлас жемқорлықты, қызмет алушы мен қызмет беруші арасындағы жең ұшынан жалғасуды жою мақсатында атқарылып отырған оңды шара.

Байқап отырмыз, 15 минутқа жетпей тұтынушы шаруасын бітіріп кетіп жатыр. Осының барлығын бақылап, қадағалап отырған – менеджердің алдындағы жұдырықтай камера. «Ақылды» камера екі жақтың да бейнеәңгімесін ортақ серверге таспалап жазып алуда. Тіпті, мұны сізбен ере келген туысыңыз http://www.turkistan2020.kz сайты арқылы сол жерде отырып-ақ өз смартфонынан тікелей бақылай алады.
Қосылғанына 20 күннен енді ғана асқан жүйеде бүгінге дейін 10 207 өтініш қабылданып, оның 10 141-і оң шешімін тауыпты. Қалған 66 өтінім бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бір қызығы, мұнда менеджер қызметі бақыланып қана қоймай, сигналды дауыс жазу құрылғысы арқылы мамандардың іс-әрекетіне тиісті «тәртіп» енгізіліп отырады екен. Мәселен, тұтынушы әлдебір менеджердің алдында 15 минуттан ұзақтау отырып қалса, не болмаса қызмет көрсетуші 15 минуттан артық жұмыс үстелінде болмай қалса, бейнекамера сигнал беріп, менеджер дереу басқа қызметкермен алмастырылады. Тіпті, камера менеджердің шаршаңқы көңіл-күйін де «сезіп» отырады екен.
«Қазір бір ай бойы осында келген қызмет алушылардың санын тіркеп, «тұтынушы легі» сараптама мониторингін жүргізіп жатырмыз, – дейді Түркістан қалалық әкімі аппаратының жетекшісі. – Егер қызмет алушылар саны арта бастаса қосымша қызметкерлерді жұмысқа жұмылдыру механизмі қарастырылған. Сол сияқты тұтынушылар азая бастаса, қызметкерлер санын қысқарту ойластырылған. Бұл кадрлық шешім қабылдауға оңтайлы жүйе болғалы отыр».
Жаңа цифрлық жүйе орталыққа келуші санын санау аналитикасы, бір жерде көп шоғырланған адамдарды іздеу аналитикасы, ұмытылған заттарды табу аналитикасы, әр қызметкердің жұмыс тиімділігін санау аналитикасы және кезек детекторы мен саботаж детекторы сияқты бірнеше қызмет түрлерін бір орталыққа біріктіріп отыр.
Бір қызығы, осы мәліметтердің барлығы Түркістан қаласы бойынша «109» бірыңғай байланыс орталығының телеграмм-ботында хабарлама түрінде тіркеліп, орталық сарапшылары тарапынан тұрақты қадағаланып отырады. Мұның өзі, бір есептен, әкімшілік бөлімдерінің, әкім орынбасаларларының, әкімнің өзінің қызмет рейтингін сараптап отыруға мүмкіндік беретін жақсы бір жүйе.
Қала әкімі Рашид Абатұлы алдағы уақытта бұл жүйені бүгінге дейін 60 мыңнан астам қолданушыны жинап үлгерген «Amazing Turkistan» анықтамалық мобильді қосымшасына біріктіріп, туристер үшін де қолайлы бір цифрлық мүмкіндіктердің болуы қарастырылып жатқанын айтады.
Президентіміз Қ. Тоқаев тапсырғандай, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан Түркістан қаласындағы «Ашық әкімдік» жүйесі, міне, осындай.
Бекжігіт СЕРДӘЛІ,
журналист
Түркістан қаласы
Мажарстанның мерейі үстем болды
Спорт • Кеше
2020 жылы қанша кәсіпорын жабылып қалды?
Қазақстан • Кеше
Футбол • Кеше
Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Кеше
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Кеше
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Кеше
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Кеше
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Кеше
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Кеше
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Кеше
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Кеше
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Кеше
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Кеше
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Кеше
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Кеше
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Кеше
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Кеше
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Кеше
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Кеше
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Кеше
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Кеше
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Кеше
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Кеше
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Кеше
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Кеше
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Кеше
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Кеше
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Кеше
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Кеше
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Кеше
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Кеше
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Кеше
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Кеше
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Кеше
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Кеше
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар