Спорт • 13 Қаңтар, 2021

Александр Бублик финалға шықты

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік рейтингте 49 орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан АТР турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Александр Бублик финалға шықты

Жартылай финалдық сайыста жерлесіміз әлемнің 72 ракеткасы 33 жастағы Францияның өкілі Жереми Шардимен күш сынасты. 2 сағат 5 минутқа созылған бұл бәсекеде Александрдың асығы алшысынан түсті. Есеп – 6:4, 6:7, 6:3. Оның алдында ол үш бірдей италиялық теннисші – Сальваторе Карузо, Тристана Ламазина және Маттео Берреттиниден басым түскен еді. Енді Бублик ақтық сында аустралиялық Алекс де Минаурмен шеберлік байқасады. Жасыл құрлықтың өкілі бұл күндері АТР рейтингінде 23 орынды иеленуде.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында ғана Әбу-Дабиде өткен WTA турнирінде Қазақстанның қос теннисшісі – Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсеткен еді. Юлия үшінші айналымда америкалық Софья Кенинге есе жіберсе, Елена ширек финалда беларуссиялық Елена Соболенкодан ұтылды.