Әлем • 13 Қаңтар, 2021

Армения президенті коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус жұқтырған Армения президенті Армен Саркисян екіжақты пневмониямен ауруханаға түсті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Армения президенті коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

5 қаңтарда сол кезде Лондонда жүрген Саркисянның коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар оның әйелі де инфекцияны жұқтырған. Армения басшысының баспасөз қызметі Саркисянның денсаулығы тұрақталған кезде дәрігерлердің рұқсатымен еліне оралатынын айтты.

«Коронавирус жұқтырып, үйде емделіп жатқан Саркисян ауруханаға ауыстырылды. Ауру ауыр өтіп жатыр, жоғары дене қызуы мен екіжақты пневмония бар»,  делінген хабарламада.