Қазақстан • 13 Қаңтар, 2021

Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады

872 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы қазіргі эпидемиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов айтып берді, - деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады

«ҚР-да 13 қаңтардағы жағдай бойынша КВИ-мен ауырған 164 477 науқас және КВИ теріс нәтижелі 46 499 науқас тіркелді. Науқастардың 87%-ы сауығып шықты. Оның ішінде 150 427 науқас - КВИ оң, 34 118 - КВИ теріс нәтижелі науқасты құрайды.

Ағымдағы жылдың 13 қаңтарындағы жағдай бойынша ауруханаларда - 5 732 науқас, ал реанимацияда 357 науқас жатыр.

Соңғы айда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалып отыр. ҚР "жасыл аймақтан "сары" аймаққа ауысты», деді бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, соңғы айда сырқаттанған адамдардардың өсуі Атырау облысында (3,7 есеге) байқалады. Алматы облысында - 1,8 есе, Қарағанды және Алматы облыстарында 1,5 есеге өсті.

«Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бүгінгі күні халықтың жиналмауына, байланыстарын азайтуға бағытталған карантиндік шараларды күшейту қарастырылуда», деді Е. Қиясов.