Әлем • 13 Қаңтар, 2021

Путин ресейліктерге жаппай вакцина егуді бұйырды

1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Министрлер Кабинетімен кездесуінде келесі аптадан бастап ресейліктерді коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауға көшу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА басылымына сілтеме жасап.

Путин ресейліктерге жаппай вакцина егуді бұйырды

«Біздің вакцина тасымалдау үшін ерекше жағдайларды қажет етпейді, бізде барлығы әлдеқайда жеңіл және тиімді», деді Путин.

Коронавирусқа қарсы азаматтық вакцинация Ресейде желтоқсан айының басында басталды. Вакцинаны қарсы көрсетілімдер тізімінен созылмалы аурулары жоқ 18 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ соңғы 30 күнде ЖРВИ  белгілері болмаған тұрғындарға егуге болады. Айта кететін жайт, вакцинация жүкті және емізетін әйелдерге қарсы көрсетілген.

Бірінші кезекте олар негізгі қауіп тобындағы азаматтарды вакцинациялауды қолға алады. Олар дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, сонымен қатар мәдениет мекемелерінің, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының, көлік және энергетика, өнеркәсіп және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, құрылыс жұмысшылары, еріктілер, студенттер де қосылды.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күнге деген сенім

Пікір • Бүгін, 08:22

Халық таңдаған жасампаз жол

Ата заң • Бүгін, 08:10

Ата заңның асыл арқауы

Пікір • Бүгін, 08:07

Мемлекеттілік мұраты

Пікір • Бүгін, 08:05

Байланыс беки түседі

Саясат • Бүгін, 07:55