Пікір • Бүгін, 08:02

Ұлттың заманауи келбетін қалыптастыратын басты құжат

4 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап біз жаңа Конституциямен өмір сүре бас­таймыз. Бұл құжатты бүкіл халқымыз бірлесе әзірлеп, жаппай талқылап, бірге қабылдаған болатын. Бұл – миллиондаған азаматтың арман-аңсарын, еліміздің тарихи тәжірибесі мен болашаққа деген ұмтылысын айшықтаған бірегей жалпыұлттық жоба. Өткенге көз жүгіртсек, жаңа Ата заңның қабылдануы қашанда халықты ұйыстырып, түбегейлі жаңғыруға жол ашқан. Оған әлем тарихында мысал көп.

Ұлттың заманауи келбетін қалыптастыратын басты құжат

 

Конституциялар әдетте дамудың жаңа кезеңіне өту қажеттігін қоғамның өзі сезін­ген кездері қабылданған. Осы­лайша, негізгі заң – тек бүгінге емес, болашаққа бағ­дарланған құжатқа айналған. Біздің еліміз де жетілген әрі жауапты мемлекет ретінде әлемдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып, эволюциялық жаң­ғырудың өзіндік төл моделін қалыптастырды.

Мемлекеттік саясатымыз­дың сындарлылығы бүгінгі күннің міндеттерін шешумен ғана шектелмейді. Оның бас­ты ерекшелігі – мемлекеттің тарихи болашағының мәнін терең пайымдай білуде. Сон­дықтан бүгінде еліміздің өркен­деуіне берік құқық­тық негіз қаланып, стратегия­лық бағ­дары айқындала түсті. Ал Әділеттілік алғаш рет Консти­туцияның өзегі, оның басты қағидаты ретінде бекітілді.

Мемлекеттік саясаттың барлық ресурсы адам игілігіне бағытталды. Адам – елдің табысты дамуының діңгегіне айналды. Адамға ерекше мәр­тебе әрі басымдық беру – Президент жүргізіп отырған бүкіл реформаның түпкі мәні әрі Қазақстанның жаңа даму моделінің негізгі арқауы.

Енді мемлекеттік дамудың жаңа парадигмасының өзегінде азаматтың конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз ету, оның қабілет-қарымын ашуына тең мүмкіндік жасау, сондай-ақ білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті, заманауи технологияларды жан-жақты дамыту міндеттері тұр. Осы тұрғы­дан алғанда, жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін бұлжымас бағдар бол­мақ. Ол жастарға нық сенім беріп, болашаққа деген айқын көзқарас пен ұдайы мем­лекетті тірек тұту сезімін орнықтырады.

Бүгінде негізі қаланып жат­қан ауқымды цифрланды­ру, жасанды интеллект өнім­дерін кеңінен пайдалану, смарт-қалалар мен озық білім беру жүйесін дамыту, жаңа эко­номикалық саясат пен эко­логиялық жауапкерші­лік – Қазақ­станның келешек кел­бетін айқындайтын біртұтас даму аясы. Осындай елде Ұлы Дала­ның мыңжылдық та­ри­хи мұрасын риясыз мақ­­­тан тұтатын жаңа буын өсіп-жетіледі.

Жаңа Конституция ұлттың жаңа кодын, жаңа сапасын қа­лыптастырады. Өз тарихы мен тамырын терең тану әр аза­маттың көкірегіне сенім ұяла­тып, берік рухани тірек сый­лайды. Кітап оқу мәде­ниеті, терең білім және үздік­сіз өзін-өзі жетілдіру әр аза­маттың табысқа жетуінің кіл­тіне, өмірінің басты мәніне айна­лады. Сонымен бірге бола­шақ Қазақстан халқының эколо­гиялық сана-сезімі де арта түседі.

Қазірдің өзінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» идеясы жалпыхалықтық қоз­ғалысқа ұласқанын көріп отыр­мыз. Ол еліміздің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанашыр азаматты жұмылдыр­ды. Бұл қоғамымыздың таби­ғат­пен үйлесімді, таза әрі жасыл желекті Қазақстанда өмір сүруге деген ұмтылысын көрсетеді. Мұндай өмір салты әр қазақстандықтың қалыпты ұстанымына айналмақ.

Жалпы, жаңа Конститу­цияның ең басты жемісі озық ойлы, жаңашыл азамат қа­лыптастыру болмақ. Ол – интеллектуал, мәдениетті, өнегелі, заңға мойынсұнатын, отаншыл, өз елін мақтан тұтатын әрі оның өркендеуі жолында аянбай еңбек ететін тұлға. Жаңа Ата заңның қағидат­та­ры мен құндылықтары негі­зінде тәрбиеленген жаңа қазақ­стандықтың кел­беті дәл сондай болмақ. Бұл – Президенттің жаңа Кон­ституция авторы ретінде елдің Негізгі заңына арқау еткен асыл мұраты.

Мемлекет басшысының осы стратегиялық бағдарына халық толық сенім артып, жан-жақты қолдады. Ол – Қазақстан азаматтарының ор­тақ таңдауы. Әр мемлекеттің тарихында оның ондаған жыл­ға межеленген даму көкжие­гін айқындайтын шешуші кезең­дері болады.

Қазақстан үшін мұндай тарихи сәт – бүгінгі күн. Бұл – ұлттың кемелдігін, қоғам­ның бірлігін және еліміздің жаңа белестерге нық қадам бас­қанын паш ететін жаңа Конституцияның күшіне енген күні.

 

Ерлан ҚОШАНОВ 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Жас талғамайтын би байқауы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Бір ғасыр бұрынғы суреттер

Жәдігер • Бүгін, 08:53

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Қараусыз қалған саяжайлар

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мың жылқының дүбірі

Мирас • Бүгін, 08:45

Төскейдің сәні төрт түлік

Аймақтар • Бүгін, 08:43