Сурет: tengrinews.kz
Осы кезеңде жуырда ғана қабылданған бес конституциялық заң, Бюджет, Салық, Құрылыс, Цифрлық кодекстер, Жасанды интеллект туралы заң секілді маңызды құжаттар өмірге келгенін айта кетуіміз керек. Әрбір заңның еліміз үшін орны ерекше. Өйткені әрқайсының көтерген жүгі ел азаматтарының мүдделеріне тікелей қатысты.
Соның ішінде біз, «Қазақстан халық партиясының» фракциясы 7 заң жобасын әзірледік. Екеуіне Мемлекет басшысы қол қойып, қабылданды. Бесеуі қабылданып үлгермеді. Мен алдағы уақытта Құрылтай қатарынан біздің партияның өкілдері де орын алады деп үміттенемін. Сол кезде аяқталмаған жұмысымызды соңына дейін жеткізуге атсалысамыз.
Мен әрдайым болашаққа сеніммен қарайтын адаммын. Бүгінгі өзгерістер елімізді жаңа заман талаптарына сәйкес жаңғыртудың бір кезеңі ғана. Бүгін жасай алмаған ісімізді алдағы уақытта жетер жеріне толыққанды жеткізіп, қоғам игілігіне ұсынуға әбден болады.
Магеррам МАГЕРРАМОВ,
қоғам қайраткері