Экология • 14 Қаңтар, 2021

Киіктерді қамқорлыққа алды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында қорғансыз қалған киіктерді қамқорлыққа алу іс-шаралары басталды. Жергілікті орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мамандары бақылауды күшейтіп, облыстағы Жаңаарқа және Нұра аудандарына арнайы сапармен шықты.

Киіктерді қамқорлыққа алды

Әдетте, желтоқсан айында киік­тер күйлейді де, текелер күш-қуаттан арылып, әлсіреп қалады. Мә­селен, биыл Қарағанды және Ақ­мола облыстарының аума­ғында 14 бас текенің өліп қал­ғаны ресми түрде тіркелді. Мамандардың айтуынша, бұл қалыпты жағдай жануарлар осылайша табиғи сұрып­талады.

Қарағанды облыстық орман және жануарлар дү­ниесін қорғау шаруа­шы­лы­ғының директоры Мақ­сат Мұқанов арнайы ма­ман­дар киіктер мекен еткен жер­лерді анықтап, жануар­лар­ға жемшөп жет­кізетінін мәлім етті.

– Қазір киіктердің күйек кезеңі. Көбіне аталық бөкен­дер әлсіреп, қырылып қалды. Әлеуметтік же­лілерде олар­дың жолға шығып кет­кен бей­некөріністері, аязда қа­тып қал­ған суреттері салынды. Иә, мұндай фактілер бар. Қазір біз жер­гілікті әкімдіктермен тізе қо­сып, киіктерді жемшөппен қам­тамасыз етуді бастадық, – дейді ол.

Мамандар қазіргі таңда Қа­ра­ғанды облысының аум­а­­ғында 20 мың­ға жуық киік­тің қыстап жат­қанын айтады.

 

Қарағанды облысы