Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Атыраудың бензині Еуроодақ стандарттымен сертификатталды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытында шығарылған бензин Еуроодақ стандарттымен сертификатталды.

Атыраудың бензині Еуроодақ стандарттымен сертификатталды

«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, қазақстандық өнім REACH сертификатын иеленіп, Еуроодақ нарығына импорттауға арналған химиялық заттар мен олардың қоспаларының сапа деңгейін бағалаудың толық рәсімінен өтіпті.

«REACH регламентіне сәйкес, Еуроодақта жылына 1 тоннадан астам мөлшерде өндірілетін немесе импортталатын кез-келген химиялық зат тіркеуге жатады. REACH сертификаты – еуроаймақ елдері үшін тіркелген бензин импорттаушысы болып табылатын қазақстандық кәсіпорынның экспорттық мүмкіндігін дамытудағы маңызды қадам.

1

Былтырғы сәуірде АМӨЗ өндірісіндегі хош иісті көмірсутектері – бензол және параксилол REACH сертификаттауынан өтті. Ал, бензин Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігі расталған кәсіпорынның үшінші өнімі болып отыр» деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметінен.

REACH сертификаты Атырауда шығарылған жанармайдың Еуроодақ елдерінің нарығына шығуына жол ашады. Өйткені бұл құжат Еуроаймақтың аумағында мойындалған.