Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Атырауды шаңды дауыл басып қалды

2468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кешке дейін қатты желдің салдарынан тұрғын үйлермен мектептердің шатыры ұшқан еді. Ал кешкісін Атырау қаласы мен бірнеше елді мекенді шаңды дауыл басып қалды. Бұл да қатты желдің салдарынан болып отыр.  

Атырауды шаңды дауыл басып қалды

«Түнгі мезгілде жүргізушілерге сақ болуды ескертіп отырмыз. Жолда арақашықтықты сақтау керек. Қалада,әсіресе аудандарда қара жолмен жүргенде алдымен сақтық шараларына мән берген жөн» деп ақпарат таратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.