Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021

Қазақстандық стартаптар 150 миллион теңге ала алады

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен инновациялық гранттарға стартап жобаларға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстандық стартаптар 150 миллион теңге ала алады

Гранттық қаражатты алудың бұл механизмі пилоттық жобасы болып табылады. Ал 2021 жылғы инновациялық гранттардың басты айырмашылығы инновациялық технологиялары бар стартап-жобаларға бағдар, қаржыландырудың икемді шарттары, құжаттарды жеңілдетілген бастапқы беру, онлайн портал арқылы өтінімдерді қарау және іріктеу мерзімдерінің қысқаруы болып табылады.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қаржыландыру үлесі артуда. Енді QazInnovations инновациялық гранты технологияны коммерцияландыруға жұмсалатын жалпы шығыстардың 90%-ын жаба алады, өйткені әлеуетті алушылардың аудиториясы енді ШОБ өкілдерін және 150 миллион теңгеге дейін ала алатын стартаптарды қамтиды.

Өтінімдерді қарау жөніндегі кеңес бірінші кезекте инновациялық экожүйенің өзін дамытуға мүдделі инвесторлар мен коммерцияландыру және инвестициялау тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшылардан тұратын болады.

Алғашқы кезеңдерде ондаған жоба 10 миллион теңгеден, ал бір стартап жобаны масштабтауға 140 миллион теңгеге дейін алады.

Грант алу үшін стартапқа шағын кәсіпкерлік субъектісі және прототипі (MPV) болу қажет.

Стартаптар үшін гранттар бөлуге өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы ақпанның 1-нен бастап 12-не дейінгі аралығында басталады.