"Дипломатиялық қызмет жылдарында ол үнемі жоғары кәсібилігімен, өзінің бастамашылдығымен, қиын да күрделі мәселелерді шеше білуімен отандық және шетелдік дипломаттар тарапынан үлкен абырой мен құрметке ие болды.
А.Құспан парламентаризмнің дамуына, сондай-ақ сыртқы саясаттағы түрлі шешімдердің оңынан болуына, шетелдік Парламенттермен өзара сенімге құрылған байланыс орнатуға өз үлесін қосады деген сенімдеміз", - делінген хабарламада.