Спорт • 16 Қаңтар, 2021

Сочиде сайысқа түседі

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ресейдің Сочи қаласында Brave CF және Krepost Selection FC промоушендерінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді.

Сочиде сайысқа түседі

Айтулы жарыста Қазақстанның қос спортшысы өнер көрсетеді. Осыған дейін өткізген 13 кездесудің тек екеуінде ғана ұтылған Нұржан Ақышев Роман Богатовпен күш сынасады. Ресей спортшысы 11 бәсекенің тек біреуінде ғана есе жіберген. Кезінде ол UFC-де өнер көрсетті. Ал Федор Бабич (4-4) тағы бір ресейлік жекпе-жек шебері Мұрат Биларовпен (3-1) айқасады. 

Ал осы кештің басты жекпе-жегі ресейлік Элдар Элдаров (12-1) пен бразилиялық Леонардо Мафра Тейшейра (15-5) арасында өтеді. Сондай-ақ, Ресейдің қос мықтысы – Әли Багаутдинов (19-7) пен Олег Личковаха (13-4-0-2) арасындағы бәсеке де жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр.