Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атырауда қанша қайыршы бар?

1016 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алақан жайып, қайыр сұрау да кәсіп пе? Атырауда былтыр күнкөрісін қайыршылықпен байланыстырған 814 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырауда қанша қайыршы бар?

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атырау қаласындағы қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып, бал ашатын, тіпті  қайыршылықты кәсіп ететіндер әлі де азаяр емес.  

«Былтыр осындай құқық бұзушылықты жасаған 814 адам анықталған еді. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, биылғы жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шара кезінде қайыршылықпен айналысып жүрген 6 азаматты анықтады. Мәселен, Атырау қаласындағы №9 орта мектептің жанында 52 жастағы тұрғынның қайыр сұрап жүргені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлерінің ескертуін елемей, аталған  құқық бұзушылықты қайталап жасаған 2 азамат анықталып отыр. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасақталып, әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.