Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021

Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті

1373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық 10-сынып оқушысы Нұрали Бектеміров Каспий теңізінде қатқан мұз үстінде мәнерлеп сырғанаған еді. Оның өнері АҚШ әншісін тәнті етті.   

Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті

Оқушының сырғанаған сәтін ағасы Әди видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді. Бұл видеоны көрген АҚШ әншісі Зак Грэй оны өз парақшасында бөлісіпті.

«Бала кезімнен спортқа бет бұрып, 5-сыныптан бері түрлі шараға белсене қатысамын. Әсіресе, коньки тебуге, хоккей ойнауға қызығамын. Ағам Әди өзі түсірген видеоға АҚШ әншісі Зак Грэйдің әнін қолданған еді. Ол «Осындай тамаша туындыға менің әнім қойылғанына қуаныштымын» деп пікірін білдіріпті» дейді  Нұрали Бектеміров.

Шетелдік әнші Зак Грэй журналистерге берген сұхбатында атыраулық оқушы мен ағасына қолдау білдіріп отыр. Алдағы уақытта Қазақстанға келмек екен.