Қазақстан • 17 Қаңтар, 2021

Несиелендіру деңгейі артып келеді

243 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бұл жолы экономкианы емес, несиеге тәуелді тұрғындардың санында өсім бар. Ал біздің көпшілігіміз банктердің алдында есеміз кетіп жүргенін аңғара бермейміз. Сарапшылардың көмегіне жүгіне отырып, Egemen.kz  елдегі банк пен клиенттер арасында ресімделген  несие мөлшері ипотеканы есептемегенде 320-350 мың теңгені құрайтынын зерттеді.

Несиелендіру деңгейі артып келеді

«Бірінші несие бюросы» ЖШС мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Қазақстандағы экономикалық белсенді халық саны 9,23 миллионды құрайды, қолданыстағы несиелері бар қарыз алушылар саны - 7,46 миллион, несиесіз өмір сүретін  халық саны - 1,77 миллион немесе 19% экономикалық белсенді халық. Демек Қазақстан тұрғындарының әрбір бесіншісі ғана несиеден тәуелсіз, басқаша айтқанда  несие ауыртпалығын көтермейді екен. Қалғанының бәрі банктер алдындағы жауапкершіліктің қамытын мойнына байлап жүр. Оның үстіне несиенің орташа мөлшері ипотеканы есептемегенде 320-350 мың теңгені құрайды. Айтпақшы, бұл статистикада адамдардың ломбардтардың қызметтерін және бақылауға болмайтын басқа қаржы құралдарын пайдаланатындығы ескерілмеген. Сонымен қатар, бұл мәліметтер қазақстандықтардың көп бөлігі өздері тапқаннан гөрі көп ақша жұмсағанын көрсетеді. Басқаша айтқанда несиені  бас ауыртпай, балтырды сыздатпай, жақсы өмірге жетелейтін алтын көпір ретінде қабылдайды. Республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығы бас директоры Дмитрий Казанцев мұның бәрі тауар өндірушілердің, сатушылардың тауарын өткізу үшін    ойлап тапқан және қолданған маркетингтің  жемісі екенін айтады.  Сондай-ақ жарнамалар бізді қымбат тауарларды сатып алуға мәжбүр етеді. Д. Казанцевтің пайымдауынша, несиеге тәуелділіктің мұндай түрінен бас тарту қиын, бірақ жолы бар.  Ол қалтаңа немесе мүмкіндігіңе қарап өмір сүру, басы артық қаражатынды депозитке салып, қалаған затыңды қолма-қол қаржымен сатып алуға бейімделу.  

Күнкөрістің төмендігі, табыссыз қалған пандемия кезінде айқын байқалды. Несиеге тәуелділіктің шырқау шегіне жеткенімізді, бұл мемлекеттің №1 проблемасы екенін  бізге пандемия байқатты.  Нәтижесінде біздің елдің азаматтарында күтпеген шығындар мен форс-мажорлық жағдайлардың алдын алатын қауіпсіздік жастықшасының жоқ екені, бұл міндетті несие атқарып келгені белгілі болып қалды.

Біз қазақстандықтармен қаржылық сауаттылық тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткіздік, онда адамдардың 90 пайыздан астамы өздерінің зейнетақы жинақтары жеткіліксіз деп жауап берді. Олар, шын мәнінде, тек мемлекет оларға не беретініне ғана сенеді. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының сайтында хабарланғандай, ағымдағы жылдың қараша айында орташа жалақы 211 мың теңгені құрады. Бірақ сіз және біз бұл өте орташа мән екенін жақсы түсінеміз, өйткені халықтың көп бөлігі 120 мың теңгеден аспайды», - деп атап өтті Казанцев.

Біз қазақстандықтармен қаржылық сауаттылық тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткіздік, онда адамдардың 90 пайыздан астамы өздерінің зейнетақы жинақтары жеткіліксіз деп жауап берді. Олар, шын мәнінде, тек мемлекет оларға не беретініне ғана сенеді. Байығымызды көксейтін, дәулетті болудың жолдарын іздейтын, бизнес-мотиваторлардың тренингтеріне құлағымыз түрік жүретіні шындық. Бірақ тапқан қаражатымызды өзіміз басқарып, қажетті бағыттарға жұмсай алмасақ, оның құны көк тиын. Сарапшылар қаржылық сауаттылығымыздың төмен деңгейінен несиеге тәуелділіктің леңгейінің артып бара жатқанына, тіпті кейбір желілік тамақтандыру орындарында күнделікті тамақты несиеге алып жейтінімізге алаңдай бастады.     Мұны қазақтың қарапайым тілімен айтқанда есепсіздің есесі күн сайын кететінемен теңестіруге болады.

– Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының сайтында хабарланғандай, ағымдағы жылдың қараша айында орташа жалақы 211 мың теңгені құрады. Бірақ сіз және біз бұл өте орташа мән екенін жақсы түсінеміз, өйткені халықтың көп бөлігі 120 мың теңгеден аспайды », - деп атап өтті Казанцев.

Казанцев тобы басшысының айтуынша, ешкім бізге де, ата-анамызға да өзімізді бақытты қарттыққа дайындап, ақшаны ұтымды жұмсауды, үнемдеуді және инвестициялауды үйретті

– Батыстың дамыған елдерінде адамдар зейнетақы мәселесінде үкіметтің көмегіне үміттенбейді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында сәбилерді бесіктен бастап бақытты зейнетке ақша жинау, сақтау және инвестициялауға үйретеді. Бұл біздің елден басты айырмашылық. Неге екені белгісіз, көптеген адамдар қартайған кезде ақша жинау үшін орасан зор жалақы қажет деп ойлайды. Бірақ іс жүзінде олай емес. 80-100 мың теңгенің жалақысымен де адам ақша жинай бастайды және ақыр соңында жақсы соманы жинай алады. 10-20 жылдан кейін жақсы қаражат жинауға болады. Бірақ қандай да бір себептермен біздің халқымыз ұзақ мерзімге болжау мен есептеуге дағдыланбаған. Біз бүгінгі күн үшін өмір сүріп жатырмыз. Біз тым болмағанда алдағы бес жылда жағдайымыздың не болатынына алаңдап, соған қам жасап қоюмыз керек, – дейді сарапшы.