«Жаңа автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберіледі. Ал, 17 көлік Атырау қаласындағы жедел жәрдем стансасына беріледі. Қазір тәулігіне 700-750 шақырту түседі. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен еді» дейді Бауыржан Төлеген.
Қазір жедел жәрдем стансасында жаңа 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның ішінде 46 көлік өткен жылы алынды.
«Өңірде COVID-такси жоқ. Оның орнына жедел жәрдем стансаның көлігі шақыруға барады. Жедел жәрдем көлігі шұғыл шақыртуға 12-13 минутта жетеді» дейді Бауыржан Төлеген.