Республикамыздың әр өңірінен жиналған дарынды жастар бірнеше күн бойы жұдырықтасып, 46 кило, 49 кило, 52 кило, 56 кило, 60 кило, 64 кило, 69 кило, 75 кило, 81 кило, 91 кило және +91 кило салмақ дәрежелерінің жүлделерін сарапқа салады. Бұл жарысты Қазақстан бокс федерациясы, Алматы қалалық спорт басқарамасы және қалалық бокс федерациясы ұйымдастырып отыр.
Алматыдағы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша биылғы жылы өтетін халықаралық додаларда Қазақстанның намысын қорғайтын жастар іріктелініп алынады. Сол жарыстардың арасындағы ең ірісі – 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельц қаласында өтетін әлем біріншілігі.