Экономика • 18 Қаңтар, 2021

Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Заңғар Сәлімбаев алматылық кәсіпкерлерді қолдау шараларын белсенді түрде пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?

«Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында жасалған құралдар бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. «Almaty Finance» ұйымы 8 млрд теңгеден астам сомаға 42 жобаны мақұлдады, жүзден астам жұмыс орны құрылды.

«Almaty Finance» қарызы (займы) қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны немесе өтінімді қарағаны үшін жасырын комиссияларды көздемейді. Несие тек теңгемен, жеті жылға дейінгі мерзімге беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға қарыз мерзімі 36 айға дейін, инвестициялық мақсаттарға 84 айға дейін. Екі сыйақы мөлшерлемесі әрекет етеді: 2% – максималды қарыз сомасы 70 млн теңге болатын өнеркәсіптік паркте бизнесті іске асыратындар үшін; және 6% – бизнестің қалған бағыттары үшін 500 млн теңгеге дейінгі несиелеу лимитімен.

«Ісін жаңа бастаған немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің барлығы қаржыландыру үшін «Almaty Finance»-қа жүгіне алады. Басты шарттардың бірі - жоба төлемге қабілетті, іске асырылатын болуы тиіс. Жаңа мүмкіндіктер мен мемлекет тарапынан бизнеске көрсетіліп жатқан белсенді қолдау аясында мегаполис кәсіпкерлерін «Almaty Business-2025» бағдарламасы аясында ұсынылып отырған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Егер оқу қажеттілігі болса немесе бизнес-жоспарды дайындауға көмек қажет болса, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығына шақырамыз», деді ол.

Бүгінде несие желілері 6,8 млрд теңге сомасына 26 жобаны қаржыландыру үшін ашық. Қаржы қаражаты мыңнан астам түрлі, соның ішінде COVID-19-ға зерттеулер жүргізуге қабілетті жаңа зертхана ашуға, кофе дәндерін қуыру цехын құруға, тігін цехын іске қосуға, жиһаз және жиһаз фурнитурасын, металдан жасалған бұйымдарды, гигиеналық құралдарды, ортопедиялық матрастар өндіруге, 200 орындық жалпы білім беретін мектеп салуға, IT-индустрия саласындағы жобаларға: электрондық төлемдер мен процессингтік қызметтерді ұйымдастыруға, үш компонентті интеграцияланған жүйені құруға және тағы басқасына бағытталған.