Медицина • 19 Қаңтар, 2021

COVID-пен ауырған анаға баласын емізуге бола ма?

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Коронавирус пандемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан бері есептегенде адам өлімінің ең жоғарғы деңгейіне жеткені жаңалық емес. Сондықтан жаһандық індетпен күресте кез келген мәселе мен зерттеулер өзекті. Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары жаңа туған нәрестелердің аналары белгілі бір қауіпсіздік нормаларын сақтаса, коронавирус инфекциясын жұқ­тырған кезде баланы емізуді тоқтатпауына болатынын айтып отыр.

COVID-пен ауырған анаға баласын емізуге бола ма?

ДДҰ сарапшыларының пі­кірін­ше, қазіргі уақытта әлем­де­гі 6 айға дейінгі бала­лар­дың шамамен 35%-ы емшек сү­ті­мен қоректенеді. Егер анасы COVID-19 ауруымен ауырса, бірінші кезекте дәрігерге қа­ра­луы керек. Бірақ баланы еміз­генде аналары тыныс алу гигиенасының ережелерін сақтау талап етіледі.

Мамандардың айтуынша, ауыз бен мұрынды жабатын бет­перде тағуы қажет. Міндетті түрде баласын қолға алмастан бұ­рын және одан кейін 20 секунд ішінде қолды сабындап жу­ғаны жөн. Егер COVID-19 жұқ­тырған ана өзін тым нашар сезінсе, баланы емшек сүті­мен басқа жолдармен, оның ішінде сүтті сауып беру арқылы тамақтандырса болады. Өйткені баланың анасының бауырында болып, тек омырау сүтімен емізу нәрестенің барынша дұрыс өсіп-жетілуіне жәрдемдеседі.

Нәрестелерге маска та­ғу­ға болмайды. Шешесі бар­­лық қауіп­сіз­дік талапта­рын сақтай отырып, баланы тамақтандыруға ке­ңес бе­рі­леді. Себебі ананың де­несін­де пайда болатын антиденелер балаға беріледі де, оның ден­сау­лығына пайда келтіреді.

Ана сүтінің құрамы ерек­­ше, өйткені уызда баланы сыртқы зиянды орта­дан қор­ғай­тын көптеген иммун­дық факторлар бар.

ДДҰ ұсыныстарына сәй­кес бала­ны емізуді 2 жас­тан асқан­ша, тіпті одан да көп уа­қыт­­қа жалғастыру керек. Өйткені емізу 2 жасқа дейінгі нәрестелер арасындағы өлімді 49% төмендетеді. Емізудің әр қосымша айы баланың семіздігін 4% төмендетеді. Алғашқы алты айында тек емшек сүтімен қорек­те­нетін балалар диарея, құсу, гастроэнтерит, суық тию, тұмау, отит және тыныс жолдарының инфекцияларына сезімталдығы аз болады және ағзалары аурулар­мен жақсы күреседі.

Денсаулық сақтау минис­трлігі азаматтарға коро­на­вирус­тың алғашқы белгілері кезінде өзін өзі оқшаулауды, үйде болуды және тұрғылықты жері бойынша емханадан көмек сұрауды ұсынады.

 

АЛМАТЫ