Президент • 19 Қаңтар, 2021

Президент бірқатар министрліктің жауапты хатшысын қызметінен босатты

723 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен сегіз министрліктің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент бірқатар министрліктің жауапты хатшысын қызметінен босатты
Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен:
 
Жанат Мұратұлы Қожахметов – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

Марат Әбілахатұлы Оразаев – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;

Арман Дайырұлы Жұмабеков – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;

Талғат Амангелдіұлы Момышев – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше