Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Павлодар облысында демалыс күндері локдаун енгізілді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, өңірдің «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты бірқатар шектеу шарасы күшейтілді. Демалыс күні локдаун енгізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар облысында демалыс күндері локдаун енгізілді

Демалыс күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтарының, СПА, сауна, спорт нысандарының және спорт кешендерінің, фитнес орталықтарының қызметі, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Қалааралық, ауданааралық автобус, шағын автобуспен жолаушыларды тасымалдау шектелді.

«Адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аудара отырып, күшейтілген режимде 176 мониторингілік топ жұмыс істейді. Барлық медициналық, әлеуметтік мекемелер толық оқшаулаунып, сырттан келген барлық байланыстарды болдырмау арқылы тәуліктік режимге көшті. Жұқтыру ошақтарды жедел оқшаулау, байланыста болған адамдарды бақылау үшін ковид-тік инфекция жөніндегі бірыңғай ақпараттық талдау орталығы жұмыс істейді. Орталық барлық мамандармен қамтамасыз етілген», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше