Әлем • 19 Қаңтар, 2021

Samsung басшысы жемқорлық үшін 30 айға бас бостандығынан айырылды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сеулдің жоғарғы соты Ли Чже Енді парақорлық, жымқыру және 8,6 миллиард вон көлеміндегі қылмыстық кірісті жасыру деректері үшін кінәлі деп тапты, - деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.

Samsung басшысы жемқорлық үшін 30 айға бас бостандығынан айырылды

2017 жылы Ли  холдингтің құрылыс компанияларының бірімен бірігуіне биліктің кедергі келтірмеуі үшін елдің бұрынғы президентінің серіктесі Пак Кын Хеге пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Samsung Electronics басшысы бес жылға түрмеге жабылды. Ол кінәсін мойындамағандықтан апелляциядан кейін үкім жеңілдетіліп, бір жылдан кейін Ли босатылды. Кейінірек сот ісі қайта басталды. Ли бұған дейін қоғамдық комиссия прокуратураға барлық айыптарды алып тастауды және биліктің Samsung Group-қа көшуінің мән-жайларын тергеуді тоқтатуды ұсынғанына қарамастан, жаңа айып тағылды.

Сеул соты Лиді 8,6 миллиард вон (7,8 миллион доллар) көлеміндегі қылмыстық кірісті парақорлық, ұрлау және жасыру үшін кінәлі деп тапты. Қазіргі таңда ол Samsung Electronics компаниясында маңызды шешімдер қабылдаудан уақытша шеттетіледі. Сонымен қатар өткен жылдың қазан айында қайтыс болған әкесінен қалған мұраға ие бола алмайды.

Ли Чжэ Ен Samsung Group басшылығына 2014 жылы әкесі Ли Гон Хи денсаулық жағдайына байланысты бас тартқаннан кейін келді.

Айта кетейік, Samsung Electronics  сот шешімі жарияланғаннан кейін акцияларының 4% жоғалтты.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше