Әлем • 19 Қаңтар, 2021

Қытайда балмұздақтан коронавирустың жаңа штаммы табылғаны рас па?

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Telegram арналарында қазақстандықтар Қытайда Тяньцзинь муниципалитетінде балмұздақ партиясынан коронавирустың жаңа штаммы табылғаны туралы жаңалықпен бөлісуде. Жаңа штамм COVID-21 деп аталады екен. Бұл жалған, - деп хабарлайды stopfake.kz

Қытайда балмұздақтан коронавирустың жаңа штаммы табылғаны рас па?

Таратылып жатқан хабарламаға сәйкес, вирус анықталған балмұздақ азық-түлік дүкенінен алынған. Оның үш данасы ғана тексерілген. Олардан COVID-21 анықталғаннан кейін дәмді тамақ сатылған көшедегі барлық азық-түлік дүкендері белгісіз мерзімге жабылды.

Жалған ақпарат Қытайда балмұздақ партиясынан коронавирус табылғаны туралы шынайы жаңалыққа негізделген болар. Бірақ бұрын белгісіз болған жаңа штамм емес, ол COVID-19 тудыратын Sars-CoV-2. Лидс Университетінің вирусологы Стивен Гриффин бұл бір рет орын алған жағдай деп санайды, бұған вирус жұқтырған адамның балмұздақ өндіретін шикізатпен байланысы себеп болуы мүмкін.

Десерттер партиясы саудадан алынып, оқшауланды. Қазіргі кезде инфекция жұқтыруы ықтимал жағдайларды анықтау үшін сатып алушыларды іздеуде. Азық-түлік дүкендерінің жабылуы туралы хабарланған жоқ. Демек, COVID-21 ауруын тудыратын коронавирустың жаңа штаммы туралы хабарламалар – фейк.