Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Қазығұрттық полицейлер жоғалған 4 жасар баланы тапты

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазығұрттық полицейлер жоғалған төрт жасар баланы тауып, анасына жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазығұрттық полицейлер жоғалған 4 жасар баланы тапты

Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөлімшесіне жергілікті тұрғын әйел келіп, өзінің төрт жастағы баласын жоғалтып алғанын айтып, полицейлерден көмек сұраған. Полицейлер бірден тіркеуге алып, жергілікті ювеналды полиция тобының қызметкерлері тез арада шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары баланы бір сағат ішінде дүкендердің бірінде жүрген жерінен табады. Қазіргі таңда бала өз ата-анасына жеткізілді. Баласымен қауышқан ана полицейлерге өз рақметін айтты.

«Мен кешкі 4-тер шамасында, баламды ойнауға жіберіп жоғалтып алдым. Баламды іздеп таба алмаған соң, полицейлерден көмек сұрадым. Олар маған баламды тауып берді. Ішкі істер қызметкерлеріне мың алғыс! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» деп өз алғысын білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35