Спорт • 20 Қаңтар, 2021

Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жарыс өтеді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 қаңтарда Өскеменде Қазақстанның әйгілі спортшысы, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жарыс өтеді

Ольга Рыпакова 1984 жылдың 30 қарашасында Өскеменде дүниеге келді. Үш қарғып секіруден ол 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында күміс медальді иеленсе, 2012 жылы Лондонда алтыннан алқа тағынды. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода қола жүлдені олжалады. Одан бөлек, әлем чемпионатында үш рет жүлдегерлер санатынан көрініп, жабық ғимартта әлем чемпионы атанды. Ольга Азия ойындарында төрт мәрте топ жарып, басқа да көптеген халықаралық жарыстарда жасындай жарқырады. 

Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін өтетін жарыста биыл Қазақстанның өрендерінен бөлек, Әзірбайжан, Армения, Украина, Қырғызстан және Өзбекстанның спортшылары бақ сынайды деп күтілуде.