Спорт • 20 Қаңтар, 2021

Дэвис кубогының шешуші бәсекелері 11 күнге созылады

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Дэвис кубогын ұйымдастырушылар биылғы жылы жарыстың форматын өзгертуді құп көріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дэвис кубогының шешуші бәсекелері 11 күнге созылады

Атап айтсақ, айтулы доданың шешуші бәсекелері биыл 11 күнге созылады. Яғни, 25 қарашада басталып, 5 желтоқсанда өз мәресіне жетеді. Жарыс үш қалады өтеді. Финалдық сайыс Мадридте ұйымдастырылады. Ал 2022 жылдан бастап, қатысушылар саны 18-ден 16-ға дейін азаяды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылғы Дэвис кубогында мына командалар өнер көрсетеді:    

А тобы: Испания, Ресей, Эквадор;

В тобы: Канада, Қазақстан, Швеция;

С тобы: Франция, Ұлыбритания, Чехия;

D тобы: Хорватия, Аустралия, Мажарстан;

Е тобы: АҚШ, Италия, Колумбия;

F тобы: Сербия, Германия, Аустрия.