Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің басшыларына үндеу жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Қазақстан 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етуді қабыл алуына байланысты жасаған үндеуінде Мемлекет басшысы осы бірлестік қызметінің алғашқы бес жылының қорытындылары бойынша Еуразиялық экономикалық одақ табысты да тартымды интеграциялық жоба болды деп сеніммен айтуға болатынын атап өткен. Сонымен қатар әлем бүгінде турбулентті жағдайда екеніне, экономика мен қаржы нарықтарында сақталып отырған тұрақсыздық коронавирус пандемиясының теріс әсерімен ушыға түскеніне тоқталған. Президенттің айтуынша, бұл халықаралық қатынастардағы көптеген проблеманы жалаңаштап, экономикалық өзара әрекеттестіктің қалыптасқан модельдерін, қағидаттары мен құралдарын қайта ой елегінен өткізуге жетелеп отыр.
«Осындай жағдайларда біз, Одақ ретінде, мынадай ұзақмерзімді басымдықтарға бағдарлануға тиістіміз: экономикалық және әлеуметтік жүйелердің орнықтылығын сақтау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және ЕАЭО мен оған мүше-мемлекеттердің прогресін қамтамасыз ету. Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағыттарын тиімді де толыққанды іске асыру, сөз жоқ, аталған мақсаттарға жетуге ықпалын тигізеді. Қазақстан төрағалық ететін жылда келесі мәселелерге айрықша назар аударуды ұсынамыз.
Біріншіден, өндірістік кооперацияға тың серпін берілуге тиісті. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін өнеркәсіпте, агроөнеркәсіп секторында және қызмет көрсету салаларында бірлескен кәсіпорындар құру талап етіледі. Бұған қоса жаңа бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру біздің елдеріміздің шаруашылық субъектілерінің өндірістік байланыстылығы мен тиімді экономикалық өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді.
Интеграциялық өзара әрекеттестіктің атап көрсетілген салаларында Еуразиялық даму банкінің әлеуеті барынша пайдаланылуға тиісті.
Бірлескен кәсіпорындар құру және мүше-мемлекеттердің өнеркәсіп салалары арасындағы байланыстарды нығайту, сондай-ақ өзара сауда көлемін ұлғайту және біздің мемлекеттеріміздің нарықтарындағы кедергілерді алып тастауға қосымша серпін береді. Осы басымдықтарды ескере отырып, «ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізі бағыттарын» жаңа мазмұнмен толықтыру талап етіледі», деді Мемлекет басшысы.
Президент атап өткендей, бұл шаралар жинақтала келгенде Одақтың ортақ нарығында бәсекеге қабілетті өнеркәсіп тауарларын өндірудегі кооперация үшін жағдай туғызады, бірлестіктің барлық қатысушысының шикізаттық емес экспортының көлемін елеулі ұлғайтуына әкеледі.
«Екіншіден, біздің елдеріміздің арасындағы өзара саудада сақталып отырған кедергілерді жою даусыз басымдық болып табылады. Бизнестің Үкіметтер мен Еуразиялық экономикалық комиссиядан батыл іс-қимылды күтуі әділ. Еуразиялық экономикалық комиссияның алдында барлық сауда кедергілерін белсенді де транспарентті түрде жою және жаңаларын болдырмау, тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысындағы алып қою мен шектеулерді барынша қысқартуды қамтамасыз ету міндеті тұр.
Мониторинг пен талдау орталық, өңірлік және муниципиалдық деңгейлердегі сауда кедергілерін түгел қамтуға тиісті.
Бірінші кезекте, күш-жігерді өзара саудаға мейлінше теріс әсер ететін кедергілерге шоғырландырған жөн. Импорт алмастыру жөніндегі ұлттық бағдарламалар, нарықты өз өнімдерімен толықтыру міндеттері Одақтың құқықтық нормаларын мүлтіксіз сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Үшіншіден, трансшекаралық көлік күрежолдары мен логистикалық хабтардың әлеуетін жан-жақты және толыққанды іске қосу маңызды. Бұл саладағы тиімді ынтымақтастық сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуде және бүкіл еуразиялық құрлықта сенім орнатуда шешуші рөл атқарады. Осы мақсатта Еуразиялық интеграциялық бірлестікті «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен селбестіретін өзара тиімді бірлескен жобаларды дамыту жұмыстарын белсендіруді ұсынамыз. Еуразиялық таранзиттік бағыт Еуропа-Азия сауда-көлік белдеуінде халықаралық сауда үшін барынша тартымды әрі бәсекеге қабілетті болуға тиіс.
Мүше мемлекеттердің ұлттық тауар өткізуші жүйелерін түйістіру жобасын, соның ішінде еуразиялық көтерме-логистикалық кешендер құру арқылы жүзеге асыру ЕАЭО көлік дәліздерінің жалпы тиімділігін қатысушы елдердің шаруашылық субъектілері үшін де, шетелдік серіктестер үшін де арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдіреміз.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекарасында «Қорғас торабының» әлеуетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының шекарасында қалыптасып жатқан «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының мүмкіндіктерін ЕАЭО-ның барлық мүшесінің мүддесіне сай толық пайдалануды ұсынамыз.
Төртіншіден, жалпыны қамтитын цифрландыру ЕАЭО елдерінің экономикаларын дамытудың қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Цифрлы технологияларды өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларына енгізу ісін сапалы түрде үдету маңызды.
Заманауи ІТ-шешімдерді қолдануды бірінші кезекте кедендік реттеуде, салықтық әкімшілендіруде, ветеринарлық қадағалауда және тауарлар мен қызметтердің орын ауыстыру еркіндігіне тікелей ықпал ететін басқа да салаларда кеңейткен жөн.
ЕАЭО-ның Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің сәтті қызмет етуін қамтамасыз етуге ден қою маңызды. Бұл біздің электронды дерек алмасу аясындағы жұмысымызды мейлінше сапалы құруға мүмкіндік береді.
Елдеріміздің ІТ-қоғамдастықтарын Цифрлы күн тәртібінің өзекті мәселелерін шешу үшін мақсатты түрде, белсенді әрі тепе-тең тарту Одақтың мүдделеріне толық жауап береді деп есептейміз.
Бесіншіден, сыртқы нарықтарға шығуды кезең-кезеңімен кеңейту, үшінші елдермен және интеграциялық бірлестіктермен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды қарқынды дамыту қажет етіледі. Осыған байланысты «ЕАЭО – ЕО» форматында диалог қалыптастыру жұмысын белсендіру мен жүйелендіру маңызды деп пайымдаймыз. Еуропалық комиссиямен және Еуроодақтың өзге де органдарымен ынтымақтастық теңқұқылы және прагматикалық тұрғыда болуға тиіс. Осыған ұқсас жүйелі диалогті Оңтүстік-Шығыс Азия (АСЕАН) мемлекеттері қауымдастығымен де қалыптастырған жөн», деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы үлесіне әлемдік сауданың үштен бірі тиетін жаңа сауда бірлестігі – Жалпыны қамтитын өңірлік экономикалық серіктестікпен (RCEP) өзара іс-қимылдың тиімді стратегиясын әзірлеу жұмысы күтіп тұрғанын да еске салды. Сондай-ақ аталған бастамаларды толыққанды жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссия аппаратының үйлесімді әрі тиімді жұмысы маңызды мәнге ие екенін айтты. Осыған байланысты Президент Комиссияның кадрлық құрамына кандидаттарды іріктеу мәселесін меритократия қағидаттары негізінде, кәсібилік пен іскерлік қасиеттерді ескере отырып, ЕЭК-ті қаржыландырудағы мемлекеттердің үлестік қатысуына тұрлаусыз түрде шешу қажеттігіне назар аударды.
Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы ЕАЭО-ға төрағалық кезеңінде көрсетілген күн тәртібін белсенді ілгерілетуге ниетті екенін және серіктестер тарапынан сындарлы қолдауға арқа сүйейтінін айта келіп, межеленген мақсаттарға жету әрбір мемлекеттің экономикалық дамуына қуатты серпін беретініне және ЕАЭО әлеуетін нығайтатынына сенім білдірген.
Кәрібай Мұсырман,
«Egemen Qazaqstan»
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар