Сонымен жаңа жылдың ар жақ, бер жағындағы қыдырыстар көп ұзамай-ақ «нәтижесін» бере бастады десек те болады. Эпидемиялық ахуал күрделене келе, 15 қаңтарда Алматыда 131 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Одан кейінгі күндерде індет жұқтыру саябыр тапқандай көрінгінемін, жағдай мәз емес.
Әлемде де эпидемиялық жағдай ушыға түсуде. Бірқатар ел індеттің өршуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар енгізуге мәжбүр болып отыр. Мысалы, Оңтүстік Корея үкіметі әлеуметтік алыстау деңгейін тағы екі аптаға ұзартты. 15 ақпанға дейін азаматтарға COVID-19 таралуының жалғасуына байланысты шетелге сапарларды болдырмау немесе кейінге қалдыруды ұсынады. Жексенбіде Аустрия үкіметі ұлттық карантинді 7 ақпанға дейін ұзартатынын жариялады. Ұлыбритания 18 қаңтардан 15 ақпанға дейін коронавирустың жаңа штаммдарының әкелінуіне жол бермеу үшін барлық туристік дәлізді жабуда.
Алматыға оралатын болсақ, бүгінге дейін қалада коронавирус инфекциясының 20 523 оқиғасы тіркелсе, оның 12 843-і симптомды және 7680-і симптомсыз. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 18 қаңтарда 79 адамның індет жұқтырғаны тіркелді. Оның ішінде 59 жағдай симптомды, 20 жағдай симптомсыз. Алматыда коронавирус инфекциясынан айыққандар саны – 18 484. Жалпы, инфекцияның күнделікті өсуі 0,3%-ды құрайды. Вирустың репродуктивтік көрсеткіші Алматы қаласында 0,991 (республика бойынша – 1,1) құрап отыр.
Қазір қаланың инфекциялық стационарларында 763 пациент бар, оның ішінде 16 адамның жағдайы өте ауыр, 141 науқастың жағдайы нашар, 604 адамның жағдайы орташа, 2 пациент жеңіл. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен екінші толқынға дайындық аясында қала бойынша төсек қуаты 7 011 төсектік 23 ковидті стационар (оның ішінде 250 реанимациялық) дайындалған. Емханаларды медициналық жабдықтармен жаңарту және жете жарақтандыру жүргізілді. Екі жаңа емхананың құрылысы аяқталды. Бұлар – 500 төсектік орынға арналған инфекциялық госпиталь мен 300 төсектік орынға арналған модульдік стационар. Осылайша, соңғы үш айда инфекциялық кереует саны екі есеге артты.
Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы күшейтілді. 73 емханада 298 мобильді бригада жұмыс істейді. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен дайындығына ерекше назар аударылды. Жеке қорғаныш құралдарының қоры құрылды. Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінен басқа 2 450 маманнан тұратын кадрлық резерв дайындалды.
Тәулігіне 14 600 зерттеу жүргізетін 23 ПТР зертханасы жұмыс істейді, болашақта 22 700 зерттеуге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Пандемия басталғаннан бері Алматы аумағында орналасқан зертханаларда барлығы 826 мың ПТР зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ тәулігіне 3 056 зерттеу өткізу қуаты бар 12 ИФТ зертхана жұмыс істейді.
Өкінішке қарай індетті сырттан әкелу жағдайларын тіркеу фактілері жалғасуда. 2020 жылғы 6 қазаннан бастап осы жылдың 18 қаңтарына дейін Алматы халықаралық әуежайына бортында 109 724 жолаушысы бар 773 рейс келген. Оның ішінде, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар анықтамалармен – 97 430, анықтамасыз – 12 294, оның ішінде ПТР талдауды тапсырғаннан кейін арнайы карантиндік стационарда 79 оң нәтиже алынды (Түркия – 30 жағдай, БАӘ – 18, Мысыр – 23, Беларусь – 5, Украина – 1, Мальдив – 2 жағдай). Қаланың халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиялық бақылауды күшейту шаралары жалғасын тауып отыр. Сондай-ақ анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы кері қайтарылды. Қала әуежайында санитарлық-эпидемиялық бақылауды күшейту бойынша шаралар жалғасуда.
АЛМАТЫ