Қазақстан • 20 Қаңтар, 2021

Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті көрсетіледі

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті жанкүйерлерге керемет әсер сыйлады. Dears-тің өтінішіне байланысты шоу 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 20:00-де қайтадан көрсетілетін болады, - деп хабарлайды dimashnews.com

Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті көрсетіледі

Tixr стримингтік платформасы мен Димаш «DIMASH DIGITAL SHOW» қайталауын көрсетеді, бұл қазақстандық орындаушы шығармашылығының жанкүйерлеріне барлық біріккен Dears-тің сиқырын сезіне отырып, онлайн-чатта тағы да жүздесулеріне мүмкіндік береді.

Билеттері бар жанкүйерлерге қайтадан билет сатып алудың қажеті жоқ. Олар бис-шоуды қолда бар билеттер бойынша тамашалай алады. Оларды сатып алуға әлі үлгермеген жанкүйерлерге 31 қаңтарға дейін сатып алу ұсынылады.

Бұдан басқа, 31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 22:30-да «DIMASH DIGITAL SHOW» көрсетілімінен кейін көптен күткен «Post-Show Q&A session» тікелей эфирі өтеді. Іс-шара барысында жанкүйерлер Димашты көруге, оған сұрақтар қоюға, онлайн-концерт туралы әсерлерімен бөлісуге, сондай-ақ әртістің жоспарлары туралы білуге мүмкіндік алады.

«Post-Show Q & A session» билеттері dimash.tixr.com. сайтында қол жетімді, олардың сатылымы кез келген уақытта жабылуы мүмкін.