Әлем • 20 Қаңтар, 2021

Джо Байден АҚШ президенті міндетіне кірісу үшін Вашингтонға келді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден 20 қаңтарға белгіленген инаугурациясы алдында, өзі туып-өскен Делавэр штатында қоштасу сөзін сөйледі.

Джо Байден АҚШ президенті міндетіне кірісу үшін Вашингтонға келді

Шара Джо Байденнің үлкен ұлы Джозеф Бо Байденнің есімі берілген Делавэр штатының Ұлттық гвардиясының үшінші резервистер орталығында өтті. 2007 жылдан 2015 жылға дейін Делавэрдің бас прокуроры қызметінде істеген Байденнің ұлы айықпас дерттен көз жұмған.

Сайланған президент пен болашақтағы бірінші ханым сейсенбі күні кешкісін Делавэр қаласының Нью-Кастл әуежайынан Мэрилендегі "Эндрюс" әскери базасына барып, ол жерден Вашингтонға келді. Бүгін АҚШ-тың 46-президенті ант береді.

Associated Press агенттігі инаугурацияға Дональд Трамп қатыспайтынын жеткізді.